Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Семейде 23 шақырым жол жөнделді

Биыл Семейдің жолдарында орта жөндеу жұмыстары қызу жүргізілді. 23 шақырым қашықтыққа асфальт төселіп, 8 орталық көше жаңартылды, деп хабарлады ШҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Шығыс Қазақстан27 Қыркүйек , 17:12

 Кезекті жұмыс сапары барысында қаладағы соны өзгерістерді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов бағамдап қайтты. 

Жол төсенішін салу үшін 1 млрд. 260 миллион теңге бөлінді. Өткен жылмен салыстырғанда қаражат көлемі 78 пайызға еселенген. Оның ішінде орта жөндеу жұмыстарына 900 миллионнан астам қаражат, 70 көшедегі ағымдағы жұмыстарға 290 миллион теңге жұмсалды.

« Өткен көктемде жолдар жасалынады деп айтқан едік. Нәтижені көріп тұрсыздар. 23 шақырым жол жөнделді. Бір жаздың ішінде осынша жолды қалпына келтіру жұмыстары Семейде қашан жүргізіліп еді?»,  – деді облыс әкімі. 

Даниал Ахметов сондай-ақ, келесі жылы қаланың тағы 25 шақырым жолына асфальт төселіп, абаттандыру жұмыстары жалғасатынын айтты. Айта кету керек, алдағы бес жылда Семейдің инфрақұрылым желісі де жақсартылып, жаңартылады.




Яндекс.Метрика