Қалаларға шоғырлану

Астанада «Қазақстан - Корея достығының бағы» ашылды

Жаңа саябақ аймағы Қазақстан және Корея халықтары арасындағы достық символы болады.
Нұр-Сұлтан 27 Қыркүйек, 18:13

Астана әкімдігі хабарлағандай,  «Қазақстан - Корея достығы бағы» жобасы Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен Корея Республикасының Президентінің 2014 жылғы сапары кезінде келісілген әріптестік жобасы болып табылады. Корея үкіметі саябағының құрылысына 1,7 млн. доллар инвестицияланды.

 «Қазақстан- Корея достығы бағы» саябағы – бұл "Арай" саябағымен шектесетін рекрециялық аймақ, онда Кореяның ұлттық колоритін сәулеттік кеңістіктің құрылымының нәтижесінде сезінуге болады. Саябақтың басты атрибуты  «Достық қоңырауханасы» болып табылады. Кореяда жылдың басы және аяғы қоңыраулардың соғылуымен жалғасады. Сәулеттік құрылыс екі ел арасындағы достықты білдіреді. Саябаққа келушілер айнадай тоған, гүлзар, корей халқының дәстүрлі сәулетін көре алады. Сондай-ақ, корей орманы бейнеленген орман шаруашылығы бағын көруге болады. Жаңа көрікті жер Астананың Арай және Жауқазын көшелері (Шұбар мешіті ауданы) бойынша орналасқан.

Салтанаттың аяқталуында Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісі Ким Дэсик мырза екі халық арасындағы достықтың жаңа символы туралы өзі шығарған өлеңін оқыды. Құрметті қонақтар бақ аумағына Кореяның ұлттық гүлі  - гибискусты отырғызды.

Ашылу салтанатына Астана әкімі Әсет Исекешев, ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев, Қазақстан Республикасындағы Корея елшісі Ким Дэсик, ҚР Парламент депутаттары, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, мемлекеттік органдардың мүшелері, этномәдени бірлестіктер, жастар ҮЕҰ және т.б. қатысты.





Яндекс.Метрика