EXPO-2017

Н.Шимомура БҰҰ-ның ЭКСПО-ға белсенді қатысқанын айтты (ВИДЕО)

БҰҰ тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомура БҰҰ-ның ЭКСПО-2017-ге қатысуы туралы көрменің медиа орталығында өткен баспасөз конференциясында айтып берді.
Нұр-Сұлтан 27 Қыркүйек, 16:52

«Қазақстанды ЭКСПО көрмесін сәтті өткізуімен құттықтаймын, көрмеге келген адамдар үлкен әсер алды деп ойлаймын», - деді БҰҰ тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомура.

Ол айтып өткендей,  ЭКСПО Жапонияда  елдің даму кезеңінде өтті.

Н. Шимомура  айтып өткендей,  әлем бойынша  1,3 млрд адам электрге қол жеткізе алмай отыр, оның көп бөлігі көмір мен жанармайға қарап отыр, сондықтан да энергетикаға қол жеткізу – әлемнің өзекті мәселесі. Қазақстан өзге елдерге аталмыш проблемамен күресуге болатындығын тиімді көрсетті.

БҰҰ көрмеге белсенді қатысты. Мәселен, Астанада ЭКСПО-ның ашылуына Бас хатшы Антониу Гутерриш қатысты, сондай-ақ,  3 ай бойы  30 шара өткізілді, БҰҰ павильонына  100 мың адам келген.

Н.Шимомура  Қазақстан Үкіметі мен «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ға  қаржылай көмек  үшін  алғысын  білдірді. Сондай-ақ, жұмыс атқарған еріктілердің жұмысын да атап өтті.  Мысалы, 45 ерікті БҰҰ павильонында жұмыс істеді.

БҰҰ үшін көрме ұйым агенттіктерінің  облыстардағы жұмысын таныстыруға мүмкіндік берді.

Гүльтай Хасенова

Видео:  Арман Мұхатов





Яндекс.Метрика