Парламент

Қазақстан Сауд Арабиясымен қылмыскерлерді өзара ұстап беру туралы келісті

«Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасының қорытындысы екі елдің қылмыспен күресу саласын нығайта түседі. Бұл туралы ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Лукин Мәжілістің жалпы отырысында айтты.
Нұр-Сұлтан27 Қыркүйек , 12:16

Келісімге   2006 жылдың  25 қазанында Эр –Рияд қаласында  Елбасының Сауд Арабиясына барған ресми сапарында қол қойылды.

«Келісімде оларды ұстап беру және бас тарту негіздемелері қарастырылған. Тараптар өздерінің аумағындағы ұстап беруге әкеп соғатын қылмыстар үшін екінші тараптың аумағында күдік келтірілетін, айыпталатын немесе сотталған кез келген адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту мен сот үкімін орындау мақсаттарында ұстап беруге міндеттенеді. Атап айтқанда келісімде қылмыстық қудалау тұрғысында ұстап беру немесе одан бас тартудың негіздемелері қарастырылған», - деді А.Лукин.

Оның айтуынша,  қазіргі кезде Қазақстанның сот төрелігінен Сауд Арабиясы аумағында жасырынып жүрген адамдар жоқ, сондай-ақ аталған елдің Қазақстан аумағында да іздестіріп жатқан адамдар анықталмады.

«Келісім алдын алу сипатына ие екенін ескере отырып, бұл құжат болашақта екі елдің қылмыстылықпен күрес саласындағы тиімді ынтымақтастығына жақсы құқықтық негіз жасайды», - деді Лукин.

Оның айтуынша, бүгінде Қазақстан алыс шетелдік елдермен екіжақты 18 келісімді бекітті.

«ТМД аясында көпжақты конвенция күшіне енген, яғни Минск және Кишинев құжаттары бар.Таяу арада осы тектес халықаралық келісімдерге Бразилиямен, Иорданиямен, Македониямен, Грекиямен және Португалиямен қол қоюды жоспарлап отырмыз. «Халықаралық келісімдер» туралы  заңының  11 бабына сәйкес,  келісім  ратификациялануға жатады, себебі   азаматтардың бостандығы мен ққығына тікелей байланысты болып отыр.  Заң жобасының қабылдануы,  теріс әлеуметтік,  экономикалық, саяси  мағынаға ие емес және бюджет қаржысына тиесілі емес», - деді Бас прокурордың орынбасары А.Лукин. 

Сондай-ақ, ол  2017 жылы  9,5 млн теңге бөлінгенен,  қосымша шығын жұмсалмайтынын айтып өтті.

«Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын  депутаттар қолдады.

Айта кетейік, Андрей Лукин   ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарына  "Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заң жобасын түсіндірген болатын. Атап айтқанда, құжатта сотталған адамдарды бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын одан әрі өз отанында өтеу үшін екі мемлекет арасында ауыстыру мүмкіндігімен байланысты мәселелер реттеледі. 

Ақбота Күзекбай 




Яндекс.Метрика