Ұлт жоспары 100 нақты қадам

АХҚО әлемдік экономикада маңызды буын болады – Р.Ошақбаев

Эксклюзив
Ағылшын құқығына негізделген «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстанға әлемдік экономикада маңызды буын болуға мүмкіндік береді. Бұл туралы «Талап қолданбалы зерттеу орталығы»ҚҚ директоры Рахым Ошақбаев «Strategy2050.kz»АА тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында хабарлады.
Нұр-Сұлтан27 Қыркүйек , 16:36

«Ағылшын құқығына негізделген «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстанға әлемдік экономикада маңызды буын болуға мүмкіндік береді. Орталық Азия аймағының дамуына серпіліс берген аталмыш орталық еліміздің ұзақмерзімді жобаларын шетелдік қаржы орталықтарымен жүзеге асырады», - деді Р. Ошақбаев.

Ол атап өткендей, ҚР Үкіметі мен ҚР Ұлттық банкінің АХҚО құру және дамыту бірлескен жоспарын жүзеге асыру нәтижесінде 2025  жылға дейін жалпы сыртқы көмірсутексіз өнім жылына 1%-ға дейін артады. Бұл нәтиже Дубай халықаралық қаржы орталығының құрудағы алғашқы 10 жылдағы нәтижеге жақын немесе 2015 пен 2025 жылдар аралығында ЖІӨ абсолютті жиынтығының өсімі  13,4 млрд долларға жуық болды.

«Бұл фактіні есепке ала отыра бүгінде 2017 жылдың үшінші тоқсаны жүріп жатыр, ал АХҚО 2018 жылдан бастап жұмыс істей бастайды. ЖІӨ өсімі 2025 жылға дейін жылына  1,7 млрд долларға өсу керек деген меже қойылуы тиіс. Ал, Орталықты құрғаннан кейін ЖІӨ өсімінің жиынтық тиімділігі 2015 пен 2025 жылдар аралығында 40 млрд долларға жуық шамада болуы тиіс. Оның ішінде 12,1 млрд доллар АХҚО-ның Қазақстанның ЖІӨ қосқан тікелей үлесі болуы тиіс. ЖІӨ-ге шамамен 8 млрд доллар Кавказ республикалары, Орталық Азия, ЕАЭО, Таяу Шығыс пен Еуропа елдеріне қызмет көрсету арқылы салым есебінен қосылады деп күтілуде», - деп хабарлады  директор.

Оның айтуынша, АХҚО дамыту бойынша жоспардың табыстылығы ҚР Үкіметіне, Астана қаласының әкімдігі мен ҚР Ұлттық банкіне жүктелген. Аталмыш органдар жоспарды жүзеге асыруға  және орталыққа қолдау көрсетуге атсалысуы керек. Осы ретте, АХҚО жауыптылар қатарында көрсетілмеген.

Өз ойын қорытындылаған Рахым Ошақбаев, АХҚО ислам мен «жасыл» қаржының аймақтық хабына айналатынын мәлімдеді. Экологиялық бағыт бойынша жұмыс ЕДҚҚБ-мен -мен бірлесіп жүзеге асырылуда. 2018 жылдан бастап 300 млн доллар  көлемінде мемлекеттік жеке «сукук» құнды қағаздарды шығару мәселесі қаралуда.  

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика