Халықаралық интеграция

Қазақстан ЮНКТАД Жұмыс тобының құрамына қабылданды

Женевада өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының Сауда және даму жөніндегі конференциясы кеңесінің 64 сессиясы барысында Қазақстан Республикасы 2018 жылғы кезең бойынша стратегиялық бағдарлама мен бюджет жөніндегі жұмыс тобының құрамына қабылданды.
Нұр-Сұлтан 27 Қыркүйек, 11:16

ҚР СІМ-де хабарлағандай,  Қазақстан стратегиялық бағдарлама мен бюджет  жөніндегі жұмыс тобының құрамына Ресей және  Беларусьпен  қатар үміткер  болған.

Аталмыш жұмыс тобы Сауда және даму жөніндегі кеңестің көмекші органы ретінде жұмыс істейді.  Сондай-ақ, ЮНКТАД бағдарламасын жүзеге  асырумен, оның ішінде  бағдарламалардың жүзеге асырылуы мен оларды бағалауды жүзеге асырады.

Қазақстанның аталмыш жұмыс тобына қатысу  ЮНКТАД бағдарламасының  техникалық көмек бағдарламасына  қатысты қызметті белсенділетеді. 





Яндекс.Метрика