Үкімет

Б.Сағынтаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді, деп хабарлады primeminister.kz.
Нұр-Сұлтан 27 Қыркүйек, 09:33

Кеңес барысында қатысушылар «Самұрық-Қазына» трансформациялау барысын, тұрақты даму саласындағы есептілік пен 2016 жылға жылдық есепті, сондай-ақ 6 айдың қорытындысы бойынша ішкі аудит қызметінің есебін және 2017 жылғы ІІ тоқсанға тәуекелдер бойынша есепті талқылады.

Бұдан өзге, инвестициялық саясат, сондай-ақ жаңа салаларға инвестициялар салу және ағымдағы жылға қордың Басқарма мүшелерінің қызметінің басты көрсеткіштеріне өзгерістер енгізу мәселелері талқыланды.

ҚР Президентінің Жарлығымен 2008 жылы «Самұрық-Қазына» Қорының негізі қаланды және ол инвестициялық холдинг болып табылады, оның міндеті — ҚР ұлттық әл-ауқатын арттыру және ұлттық экономиканы жаңғыртуды қолдау. Қор қоржындық компанияларды олардың ұзақмерзімді құнын және тұрақты дамуын арттыру үшін, сондай-ақ ұлттық экономиканың басымдықты секторларын дамытуға инвестицияларды өткізу арқылы басқарумен айналысады.

 





Яндекс.Метрика