Энергетика

Алматыда атмосфераға шығарындылар 30 есеге төмендетіледі

Алматы ЖЭО-2-ны газға алмастыру атмосфераға шығарындыларды 30 есеге төмендетуге мүмкіндік береді, деп хабарлады Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Алматы қаласы27 Қыркүйек , 09:11

Алматы қаласындағы ЖЭО-2-ны газға алмастыру қаланың ауа жағдайын сапалы жақсартуға және ЖЭО-2-дан шығарындыларды 30 мың тоннадан 1,0 мың тоннаға дейін төмендетуге, сондай-ақ жыл сайын 900,0 мың тоннаға дейін күл-қоқыс қалдықтардың жыл сайынғы көлемін төмендетуге мүмкіндік береді.

Алматы қаласы бойынша 2016 жылы жалпы шығарындылар (жылжымалы көздерді ескере отырып) 285,0 мың тоннаны құрады, оның ішінде «ЖЭО-2» АҚ нысандарының үлесіне 11% шығарындылар (31,59 мың тонна) тиесілі.

Бұдан басқа, жеке сектор толығымен газға ауыстырылмаған (5%). Мұндай деректерді табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы келтіреді.

 

 




Яндекс.Метрика