ҚР Президентінің Жолдауы

«Атамекен» ҰКП « Бастау Бизнес» жобасы тренерлері базасын қалыптастыруда

27-29 қыркүйек аралығында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдараламысының екінші бағытын жүзеге асыру мақсатында «Атамекен» ҚР ҰКП алаңында «Бастау Бизнес» жобасы тренерлері базасын қалыптастыру үшін тренерлерге арналған тренингтер легін өткізеді.
Нұр-Сұлтан 27 Қыркүйек, 08:46

Тренингтерге 10 өңірден келген 20-дан астам тренер қатысады.Оқыту бағдарламасы қаржылық үлгілеу, жобаны әлеуметтік желіде тарату, оқу модульдерін өздігінен қорғау, бизнес-тренер біліктілігі, шешендік өнер сынды бөлімдерден тұрады. Тренингтерді «Бизнес Бастау» жобасыныңы білікті әрі тәжірибелі тренерлері жүргізеді.

«Тренерлерге арналған тренингтерге «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев, Бизнес коммуникацияларын мемлекеттік тілде дамыту департаментінің директор Бауыржан Оразғалиев қатысады», - деп хабарлады ҰКП.

Тренингтер қорытындысы бойынша үздік тыңдаушыларға сертификат беріліп, олар бірден кадрлық резервке өтеді.

 





Яндекс.Метрика