«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Ақмола облысының екі ауылында су құбырларының жүйесі жөнделеді

2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында Ақмола облысының степногорск аймағында су құбырын қамту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Ақмола26 Қыркүйек , 19:58

Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлағандай,  жөндеу жұмыстары  қаланың бірқатар шағын  аудандарында  Заводской және Ақсу қалаларында  жүргізілді. Заводской және Ақсу  ауылдарында  93,5 км желі жөнделді, бүгінгі таңда  олар  90 пайызды құрап отыр.  Жобаның құны бір жарым миллиард теңгені құрайды.

ӨКҚ хабарлағандай, бүгінгі таңда бірқатар жұмыстар жүргізілді, жақын арада тұрғын үйлердің  құдықтары мен іргетасына  дейін тарату желілері тартылады.

«Ауылдарда орындалған жұмыс  68 пайызды  құрады. Жұмыстың қарқынын арттыру үшін мердігерлер қосымша бригадаларды  енгізуде.  Қалалық шағын аудандарға келетін болсақ, 24 шақырым  желі қайта жөнделуде. Бүгінгі таңда  жұмыстың  78 пайызы  жүзеге асырылды», - деп хабарлады коммуникация қызметі.




Яндекс.Метрика