Рухани жаңғыру

Мемхатшы әйелдер қоғамдастығын «Рухани жаңғыруды» ілгерілендіруге шақырды

Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның отырысы ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен өтті.
Нұр-Сұлтан26 Қыркүйек , 17:11

Мемлекеттік хатшы рухани жаңғыру үрдісін жүзеге асыру маңыздылығын атап өтті.

«Адамдардың  рухани құндылығын, бәсекелестігін, прагматизм мен ұлттық бірлікті сақтауды    қалыптастыру отбасына, атап айтсақ, әйелдер тәрбиесіне байланысты», - деді Г.Әбдіқалықова.

Осы орайда Гүлшара Әбдіқалықова  әйелдер қауымдастығын «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық жобасының алты бағытын ілгерілендіруге қатысуға шақырды.

Отырыста  Сыртқы істер министрлігінің  ҚР-ның   2030 жылға дейінгі  БҰҰ-ның  тұрақты даму  мақсаттарына жету  жұмысы туралы баяндамасы тыңдалды.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет пен мансаптық ілгерілендіру мәселесі қаралды.  Мемлекеттік қызмет пен жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің  мәліметінше,  2017 жылдың  1 қаңтарындағы жағдай бойынша  мемлекеттік қызметкерлер арасындағы әйелдер үлесі  55,5 пайызды құрады, ол өткен жылмен салыстырғанда  0,5 пайызға көп.

Отырыс қорытындысы бойынша хатшы Гүлшара Әбдіқалықова  мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар жүктеді.

 

 




Яндекс.Метрика