Адами капитал

Қазақстанда «Қаратау – 2017» оқу-жаттығуы аяқталды

Ағымдағы жылғы қыркүйектің 12-і мен 21-і аралығында өткізілген «Қаратау-2017» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуы сәтті аяқталды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан 26 Қыркүйек, 17:34

Жеке құрам штаттық техникада және қару-жарақпен марш жасап, ұдайы орналасу пункттеріне келді. Оқу-жаттығуда бірқатар маңызды мәселелер пысықталды.

Атап айтқанда, бірнеше операциялық бағыттарда басқаруды ұйымдастыру, сондай-ақ түрлер мен әскер тектері арасындағы өзара іс-қимыл, шағын биіктіктерде парашюттерді аша отырып, үлкен биіктіктерден түнгі көру аспаптарын пайдалана отырып, арнайы жабдықпен жеке құрамның десанттауы, түнгі жағдайларда майдандық және армиялық авиацияны келтіру, ұшқышсыз ұшу аппараттары, артиллерия және авиация бөлімшелері құрамында өңірлік қолбасшылықтың жауынгерлік барлау-басқару жүйесін құру және қолдану.

Оқу-жаттығудың мақсатына қол жеткізілді, қауіпсіздік шараларының бұзылуы орын алған жоқ.


 





Яндекс.Метрика