Евразиялық одақ

ЕЭК Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйыммен өзара іс-қимыл жасайды

Еуразиялық экономикалық комиссия Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйыммен өзара іс-қимыл жасайды.
Әлемде 26 Қыркүйек, 16:12

ЕЭК Техникалық реттеу жөніндегі алқа мүшесі (министр) Валерий Корешков пен Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның (ИСО) бас хатшысы Серхио Мухиканың кездесуі барысында ынтымақтастықты кеңейтуге және саудадағы кедергілерді алуға бағытталатын меморандум дайындау туралы келісім жасалды.  

ЕЭК хабарлағандай, кездесу Берлинде ИСО бас ассамблеясының отырысы аясында өтті. Қатысушылар әлемдегі және Еуразиядағы стандарттаудың болашағын, оның өңірлік деңгейдегі дамуын талқылады. Экономиканың жоғары технологиялық салаларындағы стандарттауды дамытумен байланысты анағұрлым перспективалы бағыттарға ерекше көңіл бөлінді.  

«Саудадағы техникалық кедергілерді алу үшін үздік халықаралық талаптар мен практиканы қолдану қажет. Осыған орай, біз стандарттау жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдармен ынтымақтастықты қарастырудамыз», - деп атап өтті Валерий Корешков.

ЕЭК делегациясы стандарттау жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдардың басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді. 

ЕЭК мәліметі бойынша Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым халықаралық стандарттарды әзірлеу мен жариялауды жүзеге асырады.  





Яндекс.Метрика