Үкімет

Денсаулық сақтау жүйесінің 1700 нысанын интернетпен қамту жоспарлануда

Денсаулық сақтау жүйесінде желіге қосылмаған нысандар саны 3 715-ті құрайды. Сондай-ақ, ұсынылған жоба аясында кең жолақты интернетке 1 700 нысанды (50%-ын) қосу жоспарда бар, деді Үкімет отырысында ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
Нұр-Сұлтан26 Қыркүйек , 12:33

«Бүгінгі таңда еліміздің денсаулық сақтау желісін 6 030 нысан құрайтынын, сонымен қатар қалалар мен аудан орталықтары деңгейінде Интернетке 100% қосылғанын, дегенмен шалғайда орналасқан елді мекендерде интернетке қолжетімділікке қатысты әлі де шешілмеген мәселелер бар екенін мәлімдеді. ҚР-да 166 аудандық және ауылдық аурухана мен емхана бар, олардың 85% желіге қосылған, ал 50-ден 800-ге дейінгі адам тұратын елді мекендерде медпунктердің интернет желісіне қосылуы 4%-ды құрайды», - деді Е.Біртанов.

Осылайша, денсаулық сақтау жүйесінде желіге қосылмаған нысандар саны 3 715-ті құрайды.

«Сондай-ақ, ұсынылған жоба аясында кең жолақты интернетке 1 700 нысанды (50%-ын) қосу жоспарда бар. Осыған орай, қалған нысандарды қосу үшін байланыстың өзге тәсілдерін, соның ішінде телефон операторлары қызметтерін қарастыру көзделген», - деді ол.

Қайрат Жандыбаев

 




Яндекс.Метрика