Үкімет

Үкіметте мемфункцияларды бәсекелес ортаға беру туралы заң жобасы таныстырылды

Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Тимур Сулейменов «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлектетік функцияларды бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заң жобасын таныстырды.
Нұр-Сұлтан26 Қыркүйек , 12:21

«ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлектетік функцияларды бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жобасы 100 нақты қадам Ұлт жоспарының 97-қадамын жүзеге асыру үшін әзірленген. Заң жобасы жұмыстарының Жоспарына сәйкес Заңды Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне ұсыну мерзімі – биылғы жылдың қыркүйек айында», - деді сөз басында  Т. Сүлейменов.

Спикер атап өткендей, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік процедуралар туралы», «Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттар мен сыйақылар туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы туралы» туралы Заңдарына түзетулер енгізу көзделген.

«Мемлекеттік органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру жыл сайынғы негізде жүйелі түрде жүргізіледі деп қарастырылуда. Сонымен, негізгі 7 кезеңмен заң жобасында мониторинг рәсімін бекіту қарастырылады. Бұл объективті ақпарат алу мақсатында берілген функциялардың бәсекелес ортада іске асырылу сапасын жүйелі түрде қадағалап отыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, заң жобасында заңнамалық бекіту қарастырылған: толық немесе жартылау беруді қамтитын мемлекеттік органдар функцияларын бәсекелес ортаға берудің 5 әдісі» , - деді Т.Сүлейменов.

Сонымен қатар, минитср заң жобасының артывқшылықтарына тоқталды.

«Заң жобасында функцияларды беру мақсаттары, қағидалары мен тәсілдері,  функцияларды іріктеу мен беру критерилері, алгоритмі, функцияларды іске асыру сапасына  мониторинг және оларды қайтару тетіктері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП өкілеттіліктері,  функцияларды атқарушылар мен әлеуетті атқарушылардың құқықтары мен міндеттері, мемлекеттік органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері жөніндегі Үкімет жанындағы Комиссияның функциялары бекітіледі», - деді ол.

Атап өтер болсақ, тәсілдер мемлекеттік органдардың мемлекеттік функцияларын бәсекелес орта мен өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру мәселелері жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу Комиссиясының отырысында 2016 жылғы 20 сәуірдегі №20-5/И-207 хаттамасымен  мақұлданған.

«Заң жобасымен экологиялық аудит саласында міндетті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттеуді енгізу, Денсаулық сақтау министрлігінің азаматтардың көрсетілетін медициналық көмектің деңгейі мен сапасымен қанағаттануы дәрежесін айқындау бойынша функцияларын бәсекелес ортаға беру қарастырылған», - деді ведомство басшысы.

Айта кетерлік жайт, заң жобасын жүзеге асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлуді қажет етпейді және жағымсыз әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдар тудырмайды.

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика