Үкімет

Үкіметте ҚР-ның сақтандыру бойынша заң жобасы таныстырылды

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Акишев Үкімет отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сқтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын таныстырды.
Нұр-Сұлтан26 Қыркүйек , 11:35

Ұлттық банк басшысы атап өткендей,  аталмыш заң жобасы 3 кодекс пен 19 заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізуді көздейді. Заң жобасы сақтандыру қызметтері қолжетімділігінің еліміздің ірі қалаларында ғана емес, өңірлерінде де өсуін қамтамасыз етуге, халық және бизнес үшін сақтандыру қызметтерінің сапасын арттыруды және құнын төмендетуге, сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуге, сақтандыру нарығының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз етуді көздейтін жағдайлар жасауға бағытталған.

«Қазақстанда халықтың онлайн-сақтандыруды  енгізу нәтижесінде сақтандыру шарттарын  электрондық  нысанда  жасау мүмкіндігі бар. Осыған дейін құқықтық база мұндай өнімді  толық енгізуге мүмкіндік берген жоқ. Заң жобасы қабылданған жағдайда сақтандыру компанияларының интернет-ресурстары арқылы офиске бармай немесе агенттің қатысуынсыз сақтандыру шарттарын жасауға болады. Сондай-ақ сақтандыру төлемдерін  алу  үшін онлайн өтініш жасау  мүмкіндігі пайда  болады», - деді Асқар Акишев.

Сонымен қатар, Ұлттық банк басшысы онлайн сақтандырудың негізгі элементі сақтандыру шарттары бойынша Бірыңғай сақтандыру дерекқоры (БСД) болады, деп атап өтті.

«Дерекқор базасы міндетті сақтандыру полистері бойынша бірыңғай есепке алатын ұйым және «қойма» болады.  «Эталондық дерекқорды» қалыптастыру, оның басқа базалармен интеграциясы сақтандыру ұйымдарының клиенттері, сыйлықақылар және төлемдер бойынша барлық деректің шынайы болуын, актуарлық кестелер мен сақтандыру тарифтерінің негізделуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар БСД халыққа сақтандыру шарттарына «жеке кабинеті» арқылы тұрақты қолжетімділікті  қамтамасыз етеді», - деді ол.

Спикредің айтуынша, халықаралық тәжірибені ескере отырып, заң жобасында міндеттелген сақтандыруды енгізу көзделген. Көптеген елдердің тәжірибесі дәстүрлі міндетті сақтандырудан оның жаңартылған түрі – міндеттелген сақтандыруға өтуді көрсетіп отыр. 

«Мәселен, Францияның заңнамасында міндетті сақтандырудың  104 түрі бар, оның ішінде 4 дәстүрлі міндетті сақтандыруға жатады. Қалған 100 – міндеттелген сақтандыру. Сақтандыру шартының болуы және оның маңызды талаптары заңнамалық тұрғыдан бекітіліп, сақтандырудың жан-жақты талаптары арнайы заңмен емес, шартпен айқындалуы Міндеттелген сақтандырудың артықшылығы болып табылады.  Бұдан басқа, Қазақстандағы сақтандыру омбудсманы институты 2008 (екі мың сегізінші) жылдан бастап жұмыс істейді. Қазіргі уақытта сақтандыру омбудсманы көлік құралдары иелерін тек міндетті сақтандыру шарттары бойынша тараптар арасындағы дауларды сотқа дейін реттеуді жүзеге асырады», - деді Асқар Акишев.

Жалпы, заң жобасында тараптардың сотқа жүгіну құқығын сақтай отырып, сақтандырудың барлық сыныптарына (міндетті және ерікті) омбудсманның өкілеттігін кеңейту көзделеді.

«Заң жобасында Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қосымша кепілдіктері көзделеді. Кепілдік беру жүйесінен төлемдер аннуитет және басқа шарттар бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудың үздіксіздік болуын қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылады. Заң жобасында жүйеге қатысушылардың жарналары есебінен қалыптастырылған активтердің және акционерлердің салымдары есебінен есебін жеке-жеке жүргізу көзделеді», - деп түйіндеді Ұлттық банк төрағасы.

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика