Үкімет

Ақпарат министрлігі 2 млн-нан астам адам болатын 1 800 ауылға байланыс желісін тартуды жоспарлап отыр

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында азаматтарды жоғары жылдамдықты Интернетпен қамтамасыз ету және ауыл мен қала арасындағы цифрлық алшақтықты қысқарту бойынша бағыт қарастырылатыны туралы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Үкімет отырысында баяндады.
Нұр-Сұлтан26 Қыркүйек , 10:59

Оның айтуынша, жоба электронды саудамен қамтуды, электронды үкіметтің қызмет көрсетулерін, интерактивті білім беру, денсаулық сақтау құралдарын кеңейту есебінен едәуір әлеуметтік-экономикалық әсерге ие болады деп болжанып отыр.  

«Бүгінгі таңда 122 қаланың барлығы және 1 200-ге жуық ауылдық елді мекен Интернет желісіне жоғары жылдамдықты қолжетімділікке ие. Одан кейін министрлік жалпы халқы 2 млн астам адам болатын 1 800 ауылға байланыс желісін тартуды жоспарлап отыр.Ұсынылған Жобаны іске асыру 2018-2020 жылдарға жоспарланған.Нәтижесінде, 2021 жылға дейін ұзындығы 24 000 км болатын талшықты-оптикалық байланыс желілері тартылады. Бұл жергілікті атқарушы органдарды және мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерін Интернетке қосуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді Д.Абаев.

Министр атап өткендей,  жобаны 13 жылдың ішінде (2018-2030 жж.) мемлекеттік органдардың байланыс қызмет көрсетулерін кепілдікті пайдалануды қамтамасыз етумен мемлекеттік-жекешелік әріптестік сызбасы бойынша іске асыру жоспарланған.

Сондай-ақ, ол атап өткендей,  Интернетке қолжетімділіктің секундына 20 мегабитке дейін жылдамдығын қамтамасыз ету жоспарланған, сондай-ақ денсаулық сақтау және жергілікті мемлекеттік органдардың мекемелерінде шамамен 2000 мектеп пен 1 200 нүктені қосу жоспарланған.  

Қайрат Жандыбаев 

 




Яндекс.Метрика