Евразиялық одақ

ЕАЭО мен Вьетнам елдері арасындағы тауар айналым 11,8%-ға ұлғайды

Еркін сауда аймағы туралы келісім өз күшіне енгелі ЕАЭО мен Вьетнам елдері арасындағы тауар айналым 11,8%-ға ұлғайды, деп хабарлады Еуразиялық экономикалық комиссия.
Әлемде 26 Қыркүйек, 12:54

ЕЭК-те ЕСА туралы келісім  қатысушылардың  өзара саудасын дамытуға оң әсер берді. ЕАЭО елдері   мен Вьетнам арасындағы  тауар айналым келісім өз күшіне енген соң  11,8  пайызға артты.Атап айтсақ, Одақтан Вьетнам еліне  азық-түлік тауарлары мен ауыл шаруашылық  шикізатының жеткізілуі артты.

Одақ елдерінің ішінен Вьетнамға ең көп көлемде тауар өткізген ел Қазақстан болып отыр. 2016 жылдың қазаны мен  2017 жылдың  шілдесі аралығында  тауар айналым  екі есеге артты.  Беларусь елі мен Вьетнамның   тауар айналымы 23,3 пайызға, Ресеймен 5,5 пайызға артты.

«Маркалау  қолданылған соң нарықтың «жалған» қатысушылары «көлеңкеден» шығады. Сондай-ақ, маркалау   әкімшілік шығынды қысқартып, әкімшілік үрдістерді  бақылау белгісінде ақпарат көлемін  қамтамасыз ету есебінен қысқартады», - деп хабарлады ЕЭК.

Жақын арада маркалауға  жататын тауарларды анықтау керек. ЕЭК-те  қоғамдық талқылау басталды, маркалауды енгізу бойынша сарапшылық салалық топтар  құрылды. Сондай-ақ, онлайн-форум құрылуда, онда маркалаудың өзекті жобалары  талқыланады. 





Яндекс.Метрика