Экономика

Қарағандыда 45 тонна жүк көтеретін 18 карьерлік жүк түсіретін көліктер жиналды

Қарағандыда беларустармен бірлесіп жиналатын карьерлік жүк машиналарындағы қазақстандық құрам ұлғаяды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қарағанды 26 Қыркүйек, 15:34

Қонақтар өндіріс шарттарымен танысты. Осыдан бірнеше жыл бұрын құрылған кәсіпорында 45 тонна жүк көтеретін 18 карьерлік өзі жүкті түсіретін көліктер жиналған.

«Алғашқы екі-үш жыл база құру және сертификаттау, мамандарды дайындауға бағытталған болатын. Бүгінгі таңда бізде 98 адам жұмыс істейді. Қазір біз  келісім шарт  көлемін ұлғайтып, табысқа қол жеткіздік. «БелАЗ»-дың құжаттары және жобаларымен жүк көтеру мүмкіндігі 45 тонна 7547 сериялы жүк көліктерін жинаймыз. Осы уақытқа дейін 18 дана техниканы жинадық. Техниканың саны соңғы уақытта көбейді. 2017-ші жылға біз жоспар бойынша 10 машина жинауымыз керек», - деді «КазБелАЗ» БК ЖШС бас директоры Сергей Потылицын. 

Оның айтуынша,  Қарағандыда жиналған карьерлік жүк көліктерін отандық алтын өндіруші кәсіпорындар, сондай-ақ көмір шығарушы өндіріс ошақтары өздерінің рудниктерінде пайдаланады. Жалпы есептегенде Қазақстан нарығындағы сыйымдылық 300 дана көлікті құрайды – бұл өз ресурсын әбден сарқып бітірген машиналар. 

Дегенмен, бұл техникадағы қазақстандық құрам айтарлықтай емес - 15%-дан сәл ғана асады. Әзірге барлық құрама бөлшектер Белорусиядан жеткізіледі. 

Қазіргі таңда Қарағанды құю-машина құрастыру зауытының жабдықтарын жаңғырту бойынша ауқымды жоба аяқталуға жақын. Қайта қалпына келтіруге 61 млн АҚШ доллары бөлінген. Зауыт 80%-ға жаңартылады. Алдыңғы қатарлы әлемдік маркалардың құрылғылары орнатылған: СББ (сандық бағдарламалық басқару) бар заманауи станоктар, роботталған кешендер.

Жабдықтардың бір бөлігінің кеңес дәуірінен кейінгі елдерде баламасы жоқ. Зауыт 3D-моделдерді құруға және станоктан тыс басқару бағдарламаларын құруға мүмкіндік алды. 

Жаңғырту шаралары кооперацияны үдетуге жол ашты. Жүк техникасына арналған барлық қосалқы бөлшектер, сондай-ақ жүк көліктерін жинауға арналған қосалқы заттар Қарағадыда шығарылатын болады.

Осылайша қазақстандық құрам ұлғайтылады. Белорус делегациясы Қарағандыдағы зауыттың жағдайына көңілі толатынын білдірді. Белорусияның Премьер-Министрінің бірінші орынбасары қазақстандық әріптесі Асқар Мәминге қарағандылық серіктестеріне техниканы жасау құжаттама пакетін беруге дайын екендерін айтып жеткізді. 

Айта кетейік,  «Корпорация Казахмыс» ЖШС-нің Қарағанды құю-машина құрастыру зауытының базасында құрылған «КазБелАЗ» БК ЖШС 2010-шы жылдың наурызынан бері қызмет етіп келеді. Құрылтайшылары - «Корпорация Казахмыс» ЖШС (51%), «БелАЗ» ААҚ (29%) және «АстанаБелАЗСервис К» ЖШС (20%). Жоба еліміздің индустриализациялау Картасына қосылған және Белорус пен Қазақстан арасындағы 2009-2016 жылдарға арналған өзара экономикалық ынтымақтастық бағдарламасына енгізілді. Оның мақсаты белорус еліндее шығарылған техниканың сервистік қызметін ұйымдастыру және келешекте карьерлік жүк көліктерін Қарағандыда жинау болатын. 





Яндекс.Метрика