Экономика

Аграрлық несие корпорациясы ислам қаржы өнімдерін ұсынады

Қазақстанның ауылды өңірлерінің дамуын қаржыландыру жөніндегі мемлекеттік компания "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ 2018 жылдың бірінші тоқсанында қазақстандық ауыл шаруашылығы өндірушілеріне ислам қаржы өнімдерін ұсынуды бастауға ниетті.
Нұр-Сұлтан26 Қыркүйек , 14:32

 Корпорация және Gateway Ислам қаржыландыруы саласындағы заңгерлік қызметтердің жетекші халықаралық провайдері өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылғаны туралы жариялады. 

Корпорацияның баспасөз қызметінде хабарлағандай, Gateway корпорацияға өз клиенттеріне несиелік өнімдерді ұсынуға және Ислам қаржы нарығына белсенді қатысуға мүмкіндік беру үшін заң консультацияларын және көмек ұсынатын болады. 

Басқарма төрағасы Нармұхан Сарыбаев корпорация жұмысының басты мақсаты қазақстандық шаруа қожалықтарына ең жақсы өнім мен жағдайлар ұсыну болып табылады, Ислам қаржы секторына кіру осы мақсатқа қол жеткізуге көмектеседі. 

Қазақстан 2009 жылдан бастап ТМД және Орталық Азия өңірінде ислам қаржыландыруын енгізу бойынша көшбасшы екенін атап өткен жөн. Reuters агенттігінің соңғы есебіне сәйкес, Қазақстан ислам инвестициялары үшін қолайлы жағдайлар бойынша бесінші орын алды. 

Еске сала кетейік, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ ауылдарда бәсекеге қабілетті кәсіпкерлікті дамытуға ынталандыратын қолжетімді несиелендіру жүйесін қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруда. Корпорация "ҚазАгро" холдингінің компаниялары тобының құрамына кіреді және оның тікелей басшылығымен Қазақстанның барлық облыстарындағы 13 филиалы мен өкілдіктерінде өз қызметін іске асыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде.

Gateway - Ислам қаржысы саласында үлкен тәжірибесі бар, Ислам экономикасының заң және кәсіптік көрсетілетін қызметтері жөніндегі маман. 




Яндекс.Метрика