Ұлттың денсаулығы

Астанада ТОҒЗИ орталығында 10 мыңнан аса ірі буындардың эндопротезі орнатылды

Астанада тоғзи республикалық эндопротездеу орталығында жылына 1,5 мыңға жуық операциялар жасалады, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан 26 Қыркүйек, 11:16

Бүгінгі күні эндопротездеу – ұршықбуын патологиясы кезінде әлемде кеңінен таралған операциялардың бірі. Жыл сайын әлемде 1,4-1,5млн. аса  ұршықбуынын эндопротездеу орындалады.

2014 жылы, эндопротездеуге мұқтаж пациенттер санының өскенін ескере отырып,  Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты эндопротездеу және эндопротездеу салдары  үш бөлімшелерінің (№№3, 4, 7 ортопедия бөлімшелері)  базасында Республикалық эндопротездеу орталығы құрылды.

Орталықта эндопротездеу бойынша жылына 1,5 мыңға жуық операция жүргізіледі.   Орталыққа еліміздің барлық аймақтарынан ең күрделі клиникалық жағдайлары бар пациенттер жүгінетінін атап өту қажет.

Орталықта алғашқы жай және күрделі, сондай-ақ тексеріс эндопротездеу   орындалады. Мұнда ҚР азаматтары тегін медициналық көмектің берілген көлемі шеңберінде тізебуын және ұршықбуындарын эндопротездеу бойынша тегін медициналық көмек ала алады.

Осы уақытта ТОҒЗИ-да ең жақсы әлемдік өндірушілердің ұршық буын эндопротездерінің 30-дан аса үлгісі мақұлданған және енгізілген, 10 мыңнан аса ірі буындардың эндопротезі орнатылған.

Белгілі үлгілермен қатар Нұрлан Батпеновтің үлгісі – «ҚазТОҒЗИ» цементсіз бекіту үшін ұршықбуын эндопротезінің жаңа үлгісі   қолданылады. Ғалымдар ұжымымен ең жақсы әлемдік аналогтарға сәйкес келетін ұршықбуын эндопротезінің компоненттері жетілдірілді, олардың имплантациясының технологиясы әзірленді.





Яндекс.Метрика