Экономика

Астанада энергетиканы реттеуші әлемдік көшбасшылар тәжірибе алмасу үшін кездесті

«Астана ЭКСПО 2017» халықаралық көрменің «Болашақтың энергиясы» тақырыбын жалғастыра отырып,ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасы бойынша Энергетиканы реттеу органдарының өңірлік қауымдастығының (ЭРРА) инвестициялар және энергетиканы реттеу жөніндегі 16-конференциясы өз жұмысын бастады.
Нұр-Сұлтан 26 Қыркүйек, 15:58

Ұлттық экономика министрлігі хабарлағандай,  конференцияның жұмысы ағымдағы жылғы 26 қыркүйекке дейін жалғасады. Конференцияға Еуропа, АҚШ, Сауд Арабиясы, Түркияның  12 елінен өкілдер қатысты.

Конференцияның спикерлері ЭРРА-ның төрағасы - Мярт ОТС (Эстонияның Бәсекелестік жөніндегі агенттігінің бас директоры); Аттила НИКОШ - ЭРРА төрағасының орынбасары, Венгрияның Энергетика және коммуналдық қызметтерді реттеу басқармасы халықаралық қатынастар жөніндегі вице-президенті; Аль-Шехри, Ұлы Мәртебелі Абдулла - губернатор, Электр энергетикасын реттеу және когенерация агенттігі, Сауд Арабиясы және т.б.).

Іс-шараға қатысушыларды құттықтай келе Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин ЭРРА төралқасы Астана қаласын Конференцияны өткізу орны ретінде бірауыздан мақұлдағанын атап өтті, бұл табысты дамуды және Үкіметтің энергетика саласына жұмсаған күш-жігерінің іске асырылғанын тану болып табылады.

«Біздің еліміз түрлі бағыттардағы үздік әлемдік тәжірибені зерделеуге, халықаралық стандарттарды өз практикасына имплементациялауға және заңнаманы жетілдіруге мүдделі.» – деп тұжырымдады С.М. Жұманғарин.

Тұтастай алғанда Конференцияда Қазақстандағы энергетика саласының қазіргі мәртебесін, газ нарықтарының перспективаларын және олардың бәсекеге қабілеттілігін, климаттың өзгеруі саласында мақсаттарға қол жеткізуде энергияның жаңартылатын көздерінің рөлін, сондай-ақ энергия нарықтарын реттеу мәселелерін талқылау жоспарланып отыр.

Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Азамат Майтиев электрмен және газбен жабдықтау салаларында тарифтер мен бағаларды ұлттық реттеудің тәжірибесі туралы әңгімеледі. Қазақстанда энергетика саласындағы табиғи монополия аясының реттелетінін таныстыра отырып, А.Б. Майтиев жүргізіліп жатқан тарифтік саясаттың негізгі мақсаты негізгі активтерді жаңарту және жаңғырту, ысыраптарды азайту және ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру үшін магистральдық және тарату газ құбырлары арқылы электр энергиясын беру және газ тасымалдау салаларына инвестициялар тарту болып табылатынын атап өтті. 

Конференция барлық қатысушыларға энергетика саласындағы реттеудің, сондай-ақ энергетиканы реттеудің мемлекеттік жүйесін жетілдірудің және ғылыми зерттеулер мен практикалық білім деңгейін арттырудың өзекті мәселелерін талқылауға тамаша мүмкіндік берді. 

ЭРРА – Энергетиканы реттеу органдарының өңірлік қауымдастығы бірінші кезекте Еуропа, Азия, Африка, Орталық Шығыс және АҚШ елдерінің энергетиканы реттеудің тәуелсіз органдарын біріктіретін ерікті ұйым болып табылады.

Қазақстан Республикасы 2000 жылдан бастап Энергетиканы реттеу органдары өңірлік қауымдастығының тұрақты мүшесі болып табылады. Ынтымақтастық шеңберінде энергетиканы реттеудің мемлекеттік жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша ЭРРА-ның құрамына кіретін елдермен ақпарат және тәжірибе алмасу жұмысы тұрақты негізде жүзеге асырылады.





Яндекс.Метрика