100 табыс тарихы

100 табыс тарихы: Архат Керімтаева

Керімтаева Архат Амангелдіқызы Семей технологиялық ет және сүт өндірісінің институтын тәмамдады. Оның еңбек жолы 1989 жылы басталды, 1992 жылдан бастап Семей қаласы бойынша Салық инспекциясында салық инспекторынан бастап бас инспекторға дейінгі қызметтерді атқарды.
Астана қаласы26 Қыркүйек , 10:13

Астанаға  2015 жылдың  қарашасында көшіп келді.  Сарыарқа ауданы бойынша  Мемлекеттік кірістер  басқармасында  өндірістік емес төлемдер бөліміне бас маман ретінде орналасты.

Салық органындағы  жұмысы  кезінде   А.Керімтаеваның қызметі  салық есептілігінің жаңа пішінін енгізумен тұспа тұс келді. Ол салық жүйесінің қалыптасуы мен Қазақстанның  әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосты. Іскерлік қасиеті мен  өз мамандығына деген жауапкершілік қасиеттерінің нәтижесінде   Архат Керімтаева  өзінің алдына қойылған мақсаттарға жете алады.

Астана қаласының  Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер  басқармасы хабарлағандай, ҚР қаржы  жүйесінің  дамуына қосқан үлесі үшін ол  Мемлекеттік кірістер комитетінің  құрмет грамоталары мен Салық органдарының алғыс хаттарына ие болған. 




Яндекс.Метрика