100 жаңа есім

100 жаңа есім: Геннадий Александрович

Геннадий Александрович – бір ғана ұжымда қызмет атқарған, еңбек кітапшасында бір ғана жұмыс орны жазылған өз ісінің нағыз майталманы.
Астана қаласы26 Қыркүйек , 09:14

51 жылдық мансабында өз қызметін «Каздорпроект» ГГПИ Целиноград  филиалында жол бөлімінде инженер лауазымында бастаса, 1989 жылдан бері осы «Қаздорпроект» ЖШС-нің директоры қызметін атқарып келеді. Астананың іргесіндегі, жалпы алғанда Ақмола облысына кіретін автомобиль жолдарын салу, күрделі жөндеуден өткізу, жарықтандыру және көріктендіру жұмыстары Геннадий Мануилов басқарған уақыттан бері қарқынды жүргенін ерекше атай кетуге болады.

Бір сөзбен айтқанда бүгінде Астанамен өзге қалаларды, облыстарды байланыстыратын тас жолдардың қауіпсіз, ыңғайлы болуына Г.Мануилов басқаратын «Қаздорпроект» ЖШС-нің сіңірген еңбегі ұшан-теңіз.

Ол 1941 жылы  11 қыркүйекте Өзбекстан КСР  Самарқанд облысы Жамбыл ауданы, № 69 разъезінде қарапайым қызметкерлердің отбасында дүниеге келген. 1978 жылы Коммунистік  партия құрылғаннан бастап мүшесі болып келе жатқан ол үш баланың әкесі, Астана қаласындағы автомобиль жолдарының «атасы». Елорда сыртындағы жолдарға маңдай тері сіңгенін жоғарыда атап өттік.

Ол сондай-ақ, Астана қаласындағы «Астана қаласы айналмасы а/ж, «Вишневка - Рождественка учаскесі; «Астана – Рождественка-Әуежай а/ж, «Астана қаласының әуежайға кіреберіс» учаскесін жарықтандыру, Астана қаласын көріктендіру және көшелерге күрделі  жұмыс жасау, Астана қаласының көшелерін жарықтандыру телімдері, Кенесары көшесінен Республика даңғылы бойындағы  № 5/2 тұрғын үйге дейінгі Бөкейхан көшесін Республика даңғылымен жалғастыру, Астана қаласының Есіл өзені арқылы өтетін автомагистраль көпірі Сарыарқа көшесіне шыға беріске дейін, Астана қаласының кәріз және сумен жабдықтау жүйелерін дамыту және қайта жаңарту және Гумилев атындағы  университет пен Ақбұлақ өзені арқылы өтетін екі жаяу жүргіншілер көпірлерінің құрылысы, Астана қаласындағы Бөгенбай даңғылынан бастап Біржан Сал көшесіне дейінгі учаскесінде орналасқан Сарыарқа көшесін қайта жанарту, Астана қаласының Угольный көшесіндегі жолдың жүргін бөлігіне  күрделі жөндеу, Астана қаласының № 27 Орта мектебінің стадионын қайта жанарту, Астана қаласындағы сол түстік жағалау бөлігіндегі дәліздік жолы мен бірге Ишім өзені арқылы өтетін көпірдің кіре берісіндегі Сарыарқа көшесінен бастап «Астана – Қорғалжын» автомобиль жолына дейінгі учаскесі және  «Астана – Қорғалжын» жол учаскесінен «Астана – Қорғалжын» - Әуежай - Орталықта жобаланып жатқан көшелер» айналма түйініне дейінгі телімдерін, Бейсеков көшесіндегі Ишім өзені арқылы өтетін көпір; Н. Тлендиев көшесіндегі көліктік жолайрығы; № 31 көше, тағы басқа да көптеген телімдерді жобалау, жөндеу, қалпына келтіру жұмыстары Геннадий Мануилов басшылық еткен жылдарға дөп келеді.

Ол Республика жол жүйесіндегі көптеген жылғы жұмысы үшін 1980 жылы ВДНХ қола медалімен марапатталды, 1986 жылы Құрметті Жолшы атағы мен төсбелгісі, 1998 жылы «Астана» медалі, 2001 жылы «Қазақстан  Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалі, 2005 жылы «Құрметті жолшы» төсбелгісі,  2005 жылы «Қазақстан  Конституциясына 10 жыл» медалі,  2008 жылы «Астанаға 10 жыл» медалі, 2011 жылы «Қазақстан  Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі, 2011 жылы «Құрмет» ордені, 2014 жылы Л.Б. Гончаров медалі, 2015 жылы «Қазақстан  Конституциясына 20 жыл» төсбелгісі және «Достык» медалі, министірліктің  құрмет грамоталарымен марапатталған.

 

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика