Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Тауарларды декларациялаудың жаңа жүйесі 25 848 декларацияны өңдеді

Тауарларды декларациялаудың жаңа жүйесі 25 848 декларацияны өңдеді , деп хабарлады Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан25 Қыркүйек , 18:52

 «Экспорттаушылар және импорттаушылардың кеден рәсімдерінен өту кезінде «Бірыңғай терезе» қағидатын енгізу. Электрондық декларациялау жүйесін дамыту (тауарларды кедендік тазартудың автоматтандырылған жүйені енгізу). Экспорт және импорт үшін құжаттар санын және оларды өңдеу уақытын қысқарту  .

Қадамды іске асыру мақсатында Біріккен Ұлттар Ұйымының сауда және даму жөніндегі Конференциясының қолдауымен тауарларды электрондық декларациялаудың жаңа жүйесін енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде.

"Жүйені пилоттық сынау республиканың барлық облыстарында бизнес өкілдерімен ынтымақтастықта жүргізілуде. Жүйенің негізгі модульдері тексерілді: қолданушылардың өзін-өзі тіркелуі, алдын ала ақпараттандыру, кедендік транзит рәсімі, тауарлардың кедендік тазартуы, ТБЖ, жеке шоттары", - делінген хабарламада.

ҚР ҚМ МКК-нің ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу бойынша оқу курстарын өткізуде: Комитеттің Оқу-әдістемелік орталығының негізінде Комитет қызметкерлерінің оқытылуы, кеден өкілдері мен СЭҚ қатысушыларының бейне оқытылуы жүргізіледі.

Бүгінгі күні ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің, ҚР Ұлттық банктің және «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ-ның ақпараттық жүйелерімен интеграциялық өзара әрекеттесуді іске асыру жүргізілуде.

«АСТАНА-1» АЖ 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа ЕАЭО Кеден кодексінің ережелерін есепке ала отырып әзірленіп жатқанын атап өту қажет.

Тиісінше әзірленіп жатқан электрондық декларациялаудың ақпараттық жүйесі келесі жылдан бастап – 01.01.2018ж. жұмыс істей бастайды.

Аталған қадамды жүзеге асыру мақсатында 2016 жылғы желтоқсанда Нидерланды Әмірлігінің Экономика министрлігімен бірлесіп әзірленген ЮНКТАД әзірлеген ASYCER бағдарламалық өнімді пайдалана отырып, кедендік ақпараттық жүйелермен сәйкестендірілетін «Бірыңғай терезе» компоненттерін енгізу жолымен «Экспорттық-импорттық операциялар үшін Қазақстан Республикасының Бірыңғай терезені» іске асыру жөніндегі 2016-2018 жылдарға арналған БҰҰ ЮНКТАД-пен ынтымақтастық туралы келісім-шартқа қол қойылды.

«Бірыңғай терезе» механизмін енгізу бойынша жұмыстарды жүргізу шеңберінде Жол картасының жобасы әзірленді. Қазіргі таңда ол мемлекеттік органдармен келісу рәсімінен өтуде. (ҰЭМ, АШМ, ИДМ, ҰҚК, ІІМ, ДМ, ИКМ, МСМ, Әділетмині, Энергетика министрліктерімен келісілді,  ҚР ҰБ келісуде).

Жол картасы жобасы мынаны қарастырады:Электрондық декларациялауды енгізуді қамтамасыз ету үшін ЕАЭС Кеден кодексінің қабылданған нормаларына сәйкес:

2017 жылдың ішінде – тауарлардың кедендік тазарту кезінде аса қажет болып табылатын рұқсат беру құжаттарын автоматтандыру бойынша «Бірыңғай терезеде» бірінше кезекті жұмысты өткізу (сәйкестілікті растау, ауыл шаруашылық, санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқат саласындағы құжаттар);

2017 жыл ішінде –электронды құжат ретінде «Е-лицензиялау» ММБ-сында берілетін  рұқсат беру құжаттары бойынша мәліметтерді алу мақсатында «Е-лицензиялау» ММБ және «АСТАНА-1» АЖ интеграциялау бойынша параллельді жұмыс;

Экспорттық-импорттық операциялар бойынша мәліметтерді уйлестіру процесін бақылаудың ведомствоаралық механизмін құру үшін:2018 жылдың аяғына дейін «Е-лицензиялау» ММБ-дан одан кейінгі шығарып тастаумен «Бірыңғай терезе» арқылы экспорттық-импорттық операциялар бойынша барлық рұқсат беру құжаттарды беру бойынша жұмыстар жүргізу.Қазіргі таңда АКМ және «ҰАҚ» АҚ бірлесе отырып «Е-лицензиялау» ММБ және «АСТАНА-1» АЖ интегрциялау бойынша техникалық құжаттама пысықталуда.Қазіргі уақытта БҰҰ ЮНКТАД «Бірыңғай терезе» тікелей порталын дайындау бойынша жұмысын аяқтауда.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың соңына сәйкестікті растау бойынша органдар, АШМ және ДСМ ведомстволары үшін «рұқсаттарды» беру бойынша ASYCER платформасында базалық модульдерді әзірлеу аяқталатын, ал 2018 жылдың соңына дейін мемлекеттік органдары беретін қалған «рұсаттар» бойынша ASYCER платформасында базалық модульдер енгізілетін болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика