Ұлт жоспары 100 нақты қадам

АХҚО қызметкерлері үшін шетелде тағылымдамадан өтуге арнайы квота енгізілген

«Астана» халықаралық қаржы орталығы құрылымында АХҚО Үздіксіз кәсіби даму бюросы жұмыс істейді. Бюроның негізгі мақсаты АХҚО адами капиталын үздіксіз дамыту мен Қазақстанда қаржы индустриясына HR жүйесін құру.
Нұр-Сұлтан25 Қыркүйек , 18:36

АХҚО баспасөз қызметінде хабарлағандай, Шетелде кадр дайындау жөніндегі  республикалық комиссияның шешімімен Орталық қызметкерлері үшін  ҚР Президентінің «Болашақ» стипендиясы енгізіледі. Қазіргі таңда екі кәсіби тағылымдама әзірленді: АҚШ пен Ұлыбритания. Тағылымдама уақыты  1 жыл.

АХҚО адами капиталдың дамуына септігін тигізеді, ол  үздік сарапшыларды тартуға қолайлы орта қалыптастырады.

Мәліметке сәйкес,  АХҚО қызметі шетелдік білімнің трансфертін  жеңілдетіп, технологияны арттырады. АХҚО  жас мамандарға  қаржы мен инвестиция саласында  кәсіби қабілеттерді дамытуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, «Астана»  халықаралық қаржы орталығы  ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен  құрылды.  АХҚО мақсаты  ел экономикасына инвестиция тарту,  қаржы қызметі саласында қолайлы жағдай жасау, құнды қағаздар нарығын дамыту. Халықаралық таныстыру Астанада  желтоқсан айында өтеді.

Бақытгүл  Шеркенова 

 




Яндекс.Метрика