Энергетика

Шығыс Қазақстанда ЭКСПО жобалары жүзеге асырылуда

Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстанда ЭКСПО-2017-де таныстырылған екі әзірлемені жүзеге асыру басталды.
Нұр-Сұлтан26 Қыркүйек , 09:54

Әкімдіктің  мәліметінше, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде Шығыс Қазақстан  «жасыл энергетика» саласында   140 ғылыми әзірлемені  таныстырды. Бүгінгі таңда  2 әзірлеме  жүзеге асырылуда.

Өңір басшысы айтып өткендей, жақын арада бүкіл Қазақстан  өз құны бойынша электр энергиясын сатып алатын болады. Бұл «Энергопояс – центр ВК» жобасы аясында  құрылыс-монтаждық  жұмыстарының аяқталуына орай жүзеге асырылады.

Қорытынды – баламалы энергия көздерінің жаңа әдістері. Сондай-ақ, аталмыш салада бірқатар жобалар бар, олар «Болашақтың энергиясы»  тақырыбына жауап береді.

«Күн энергиясына келетін болсақ,  «Жангиз Солар» жобасы жүзеге асырылуда. Біз «ARESOL» испан компаниясымен жұмыс жүргізудеміз, олар біздің серіктес әрі инвестор. Станцияның болжамды қуаттылығы  35 МВт. Жақын арада аталмыш компанияның өкілдерін алгоритмді қалыптатсыру үшін күтіп отырмыз», - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Жел электр энергиясы  саласындағы екі жоба бар, оның қуаттылығы  62,5 МВТ құрайды.

Станциялар Жарма ауданында орналасады.  Бірінші жобаның бастамашысы «ВЭУ-Шар» ЖШС, барлық құжаттар дайын. 33 га жер бөлінді. Екінші жобаның  құны  18 млрд теңге. Нысанды енгізу  келесі жылдың жарты жылдығына жоспарланған. 




Яндекс.Метрика