Ұлт жоспары 100 нақты қадам

АХҚО қатысушылары арасындағы дауды тәуелсіз сот шешеді

АХҚО аумағында сот төрелігін ағылшын құқығына негізделген, Қазақстан Республикасының сот жүйесінен оқшауланған халықаралық деңгейдегі судьялар тартылатын АХҚО тәуелсіз соты жүзеге асырады.
Нұр-Сұлтан25 Қыркүйек , 19:44

АХҚО баспасөз қызметінен хабарлағандай, АХҚО құқығы Англия және Уэльс құқығының қағидаттарына, нормалары мен прецеденттеріне және әлемнің жетекші қаржы орталықтарының стандарттарына негізделеді.

АХҚО аумағында сот төрелігін ағылшын құқығына негізделген, Қазақстан Республикасының сот жүйесінен оқшауланған халықаралық деңгейдегі судьялар тартылатын АХҚО тәуелсіз соты жүзеге асырады. Халықаралық төрелік орталығы тараптардың арасында төрелік келісімі болған жағдайда дауларды қарастыратын болады.

Жалпы, АХҚО аумағында АХҚО қатысушылары мен мүдделі тұлғалардың қаржы нарығын дамытуға бағытталған өзара қарым-қатынастарын реттейтін Жалпы құқық базасына негізделген ерекше құқықтық режім қолданылады. 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» ҚР Конституциялық заңнамасына сәйкес АХҚО тәуелсіз соты АХҚО қатысушылары арасындағы азаматтық және коммерциялық дауларды, АХҚО жүзеге асырған кез-келген операцияларға қатысты сотқа берілген істі тараптардың келісуі бойынша қарастыратын болады.

АХҚО қызметіне деген сенімділік дауларды ашық және жария түрде шешу арқылы артады және де олардың құқығы толығымен қорғалатынына кепілдік болады.

Бұдан басқа, халықаралық арбитражды орталық құру көзделген. Ол заңға сәйкес тараптар арасында арбитражды келісім болған жағдайда халықаралық арбиторлардың қатысуымен олардың сотқа түсірген шағымын қарастырады.

ХАО артықшылығы: жедел түрде шығынсыз тараптар арасындағы дауды сотқа дейін шешу, медиацианы пайдалану арқылы дауды шешу, яғни жоғары заманауи техникалық шешімдерді пайдалану арқылы мәселенің ақ-қарасы ажыратылатын болады.

Бақытгүл Шеркенова




Яндекс.Метрика