EXPO-2017

БҰҰДБ ЭКСПО-да Қазақстанда сәтті жүзеге асып жатқан жобаларды таныстырды (ВИДЕО)

БҰҰДБ ЭКСПО-да Қазақстанда сәтті жүзеге асып жатқан жобаларды таныстырды. Бұл туралы БҰҰДБ Тұрақты өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтангерел мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан 25 Қыркүйек, 14:49

«ЭКСПО жасыл энергетика  саласындағы  білім алмасу мүмкіндігін берді», - деді ол.

 

 

БҰҰДБ  Қазақстан Үкіметімен бірігіп  200 млн доллардың  200 жобасын  жүзеге асырды. БҰҰ даму бағдарламасын дамыту    үшін адами   капитал мен   адами әлеуетті  дамыту  қажет. Сондықтан да  жобалар аталмыш бағытты қамтып отыр. Ұйым Қазақстанның барлық өңірлерінде жұмыс істейді.

«ЭКСПО алаңында БҰҰДБ  Қазақстанда өз тиімділігін көрсеткен  жобалардың жәдігерлерін таныстырды. Мәселен, күн ресурстарының Атласы  танымал инсталляциялардың бірі болған еді.  Аталмыш интерактивті атласты пайдалана отырып, қандай жерлерде күн коллекторын орнатуға болатынын  анықтауға  болады. Атлас Қазақстанның барлық өңірін қамтиды», - деді  БҰҰДБ Тұрақты өкілінің  орынбасары  Мунхтуя Алтангерел.

Бүгінгі таңда әлемде  күн энергетикасын қолдану өсімі жүзеге асырылуда. Мунхтуя Алтангерел  Атлас Қазақстанда күн энергетикасын кеңінен пайдалануға  мүмкіндік беретінін айтты.

Гүлтай Хасенова

Видео:  Арман Мұхатов





Яндекс.Метрика