Заңның үстемдігі

Қазақстанда бас бостандығынан айырылғандар саны айтырлықтай азайды – Қ.Қасымов

Қазақстанда бас бостандығынан айырылғандар саны 2011 жылдың 57мыңынан ағымдағы жылы 35,5 мың адамға дейін айтырлықтай азайды. Бұл туралы ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Мәжілістегі Үкімет сағатында хабарлады.
Нұр-Сұлтан 25 Қыркүйек, 11:56

«Біздің көпжылдық тәжірибеміз қылмыскерлерді бас бостандығынан айыру көп жағдайда тиімді бола бермейтінін көрсетіп отыр. Бас бостандығынан айыру қылмыскерді түзеу немесе қайта қылмысқа бармау құралы ретінде жұмыс істемейді», - деді Қ.Қасымов. 

Ол атап өткендей, колонияларда адамдардың көптеп отыруы мемлекеттік бюджетке үлкен салмақ салуда.

«Сондықтанда көптеген еуропалық елдердің тәжірибесіне сүйене отырып жаңа қылмыстық, қылмыстық-процессуалды, қылмыстық-түзеу кодексін, «Пробация туралы» заңды және кейбір құқықтық-актілерді қабылдап, Қазақстан қылмыстық заңнаманы ізгілендіру бағыты бойынша жұмыс істеуде», - деп атап өтті ІІМ басшысы.

Сонымен қатар, министр Қазақстанда бас бостандығынан айырылғандар саны 2011 жылдың 57мыңынан ағымдағы жылы 35,5  мың адамға дейін айтырлықтай азайғанын хабарлады.

«Егер осыдан 15 жыл бұрын Қазақстан түрмеге тоғытылғандар саны бойынша әлемде АҚШ пен Ресейден кейін үшінші орында болса, бүгінде біз 68-орынға табан тіредік», - деді Қ. Қасымов.

ІІМ басшысы атап өткендей, пробацияның толық циклі заңнамалық тұрғыда жасақталған.  

«Осының арқасында елімізде пробация қызметі пайда болды.  Бізде пробацияның толық циклі жасақталды. Бүгінгі пробация жүйесі барлық криманалды қауіпті жағдайларды қамтиды, заңмен қақтығысудан бастап, екінші қайтара қылмыс жасауды алдын алуға дейін», - деп түйіндеді Қ.Қасымов.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан дейін министр Қазақстанда 2018 жылдан бастап сотталғандар смарт сағатқа ұқсайтын арнайы электронды білезік тағатын хабарлады.

Қайрат Жандыбаев





Яндекс.Метрика