Парламент

Қазақстанда бас бостандығынан айырылғандарға электронды білезік ойлап табылды

2018 жылдан бастап Қазақстанда бас бостандығынан айырылғандар смарт сағатқа ұқсайтын, арнайы білезіктер тағатын болады. Бұл туралы Мәжілістегі үкіметтік сағатта мәлім болды.
Нұр-Сұлтан25 Қыркүйек , 11:42

Мәжілісте бас бостандығынан айырылғандарды бақылауға арналған электронды  құралдар таныстырылды.

«Жыл сайын  бақылауда  6 мың адам болады, бекітілген режимді бұзуға бағытталған кез келген әрекетті  қызмет жұмыскерлері  қадағалайды.  Министрлік әзірлеген концессия  жобасы қызығушылық танытатын органдармен қаралуда. Келесі жылдан бастап  мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында жобаны жүзеге асыруға кірісеміз», - деді Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.

Айта кетейік, электронды құрал  жүйесін қазақстандық «KazTechInnovations» компаниясы ойлап тапты. Жүйе білезік пен стационарлық бірегей станциядан тұрады. Бас бостандығынан айырылғандар  оператормен хабарласа алады. Станцияда  жаһандық ұстанымдарды қабылдайтын дабыл қабылдау  құралы бар. Ол бойынша  тұтқындалғанның  жүрген орны ІІМ серверіне  GPS арқылы келіп тұрады. Электронды білезік пішіні бойынша  электронды сағаттардан ерекшеленеді. Мәселен, белдікшесі пластиктен жасалған, оны реттеуге болады, сондай-ақ, датчик орнатылған қорапша бар. Білезік аяққа да, қолға да тағыла береді. Жылу  датчигі білезікті тек денеге  тағуды  қамтамасыз етеді. Білезікті шешуге не қайта бағдарламалауға болмайды. Құрал денеден алшақтағанды сезеді. Оны шешуге ұмтылғандар болса,  тәртіпті бұзу туралы ақпарат мониторға шығады.

Қайрат Жандыбаев

 

 




Яндекс.Метрика