Ұлт жоспары 100 нақты қадам

АХҚО іске қосылғаннан кейін қандай өзгерістер орын алады – сарапшы

Эксклюзив
Жуық арада Астанада «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) өз жұмысын бастайды. Ол іске қосылғаннан кейін қандай өзгерістер орын алатыны туралы Ислам банкингі жөніндегі сарапшы Ерлан Байдәулет «Strategy2050.kz» АА-ға берген сұхбатында айтып берді.
Нұр-Сұлтан 25 Қыркүйек, 13:32

Е. Байдәулет айтып өткендей, қазіргі уақытта Қайрат Келімбетов бастаған жоғары кәсіптік топ NASDAQ, Шанхай және Дубайдың ең ірі тұғырнамаларымен техникалық консультациялар жүргізуде.  

«АХҚО қор биржасында ұлттық компаниялардың IPO өткізілетіні белгілі. Халық арасында ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізіліп жатыр. Алайда, Қаржы орталығының қызметі басталғаннан кейін бірден нәтиже күтілмейді. АХҚО кешенді жоспары операциялық рәсімдер мен құралдарды кезең-кезеңмен енгізуді қажет ететінін айта кету керек», - деді сарапшы.

Ол АХҚО тобының KPI негізгі жиынтық көрсеткішін толық қолдайтынын атап өтті.

«Жалпы, 5 бағыттың барлығы да, атап айтқанда, капитал нарығы, активтерді басқару, приват-банкинг, ислам қаржылары және қаржы техникасы осындай ауқымды инвестициялар ағымын іс жүзінде қамтамасыз етеді. Бұл қағаз жүзінде ғана қол жеткізілген жай ғана статистикалық көрсеткіштер емес екенін ерекше атап өткен жөн, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің нақты секторы, ШОБ қоса алғанда іскерлік топтар, халықаралық қаржы орталығының іске қосылуын едәуір сезінетін болады», - деп атап өтті Е. Байдәулет.

Сондай-ақ, сарапшы әріптестік (ислам) қаржының негіздері мен құралдарын түсіндіріп өтті.

«Алғашында әріптестік қаржыландыру тақырыбы стратегиялық құжаттарда (100 нақты қадамның 71-қадамы) айқындалғаны маңызды. Өкінішке орай, соңғы жылдары біздің тақырыбымызға қатысты көптеген қарама-қайшы және тіпті жалған пікірлер айтылып жатты. Егер бізге отандық экономиканың гүлденуі қажет болса, нақты активтерге, сауда мен әріптестікке негізделген әріптестік (ислам) қаржы құралдарын белсенді қолдану еліміздің барлық азаматтары үшін аса маңызды міндетке қол жеткізуді қамтамасыз етеді», - деп мәлім етті Е. Байдәулет.

Сондай-ақ ол қазір жаһандық ислам қаржы индустриясы 2 трлн доллардан астам құрайтынын атап өтті.

«Әлемде 350-ден астам ислам банкі бар, олардың ішінде ең үлкен әрі жүйе құрушы банк мекемесі – Ислам Даму Банкі, оған ИЫҰ-ның 57 елі мүше болып табылады. Қазіргі уақытта АХҚО ИДБ Басқарушысының ҚР-дан кеңсесі болып табылады және бұл функционал 2016 жылы қол қойылған АХҚО мен ИДБ арасындағы ислам қаржы қызметтерінің кең спектрін дамыту жөніндегі меморандумды іске асыру үшін аса маңызды. Бұдан бөлек, жергілікті ислам банктері (Әл Хилал және ЗаманБанк) АХҚО аясында жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ MayBank (Malaysia), AlBaraka (Bahrain), Al Rayan (Qatar), KFH (Kuwait) сияқты табысты ірі ислам холдингтері Қазақстандағы және ТМД өңіріндегі бөлшек және корпоративтік көрсетілетін қызметтерді дамыту бойынша мүмкіндіктерге үлкен қызығушылық танытуда. АХҚО құқықтық режимі оларға сәтті инвестициялап, қандай да бір ішкі араласудардан немесе саяси тәуекелдерден толық қорғалуға мүмкіндік береді», - деп қорытындылады сарапшы.

Қайрат Жандыбаев





Яндекс.Метрика