Рухани жаңғыру

Ақмола облысындағы туристер слеті 160-тан астам оқушының басын қосты

Ақмола облысы Зеренді ауданы Садовое ауылында жыл сайынғы «Күзгі жапырақтар» туристер слеті өтті. Шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Дүниежүзілік туризм күніне арналды, деп хабарлады Ақмола облысының білім беру басқармасының баспасөз қызметі.
Ақмола 25 Қыркүйек, 12:34

«Күзгі жапырақтар» туристер слеті  атқарылған жұмыстың  кезеңдік дәрежесін тексеретін  шара іспеттес. Туристік қозғалыс  21-24 қыркүйек аралығында Садовое ауылында өтті.

Айта кетейік, Дүниежүзілік туризм күнін 1979 жылы испаниялық Торремолино қаласында Дүниежүзілік туристік ұйымының Бас Ассамблеясы бекіткен. 1970 жылдың 27 қыркүйегінде Дүниежүзілік туристік ұйым Жарғы қабылдады. Содан бері осы күн дүниежүзілік туризм күні болып белгіленген.  

 Бұл мейрамды атап өтудегі мақсат – туризмді дамытып, түрлі мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Туризмнің маңыздылығы мен оның әлеуметтік, мәдени,экономикалық мәнін халықаралық деңгейге жеткізу. Кей мемлекеттер үшін , туризм маңызды экономикалық фактор және мемлекеттік бюджет кірісінің негізгі көзі болып табылады.

Балалар және жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология   облыстық орталығы  директорының  орынбасары Лейла Толыспаеваның айтуынша, туристік-өлкетану  қызметі  тәрбиелік жұмыстың басымдығы болып табылады.

«Аталмыш шара «Рухани жаңғыру»  бағдарламасын жүзеге асыру  аясында  салауатты өмір салтын насихаттау, өңірдегі туризмді  түрлендіру,  спорттық туризмге балаларды тарту   мақсатында  ұйымдастырылды», - деді Лейла Толыспаева.

Сондай-ақ, шара жеңімпаздары жеке біріншілік пен командалық есеп бойынша анықталады.  Жарыс төрт кезеңнен тұрады. 





Яндекс.Метрика