Рухани жаңғыру

Жаңа әліпби бірлікті нығайта түсуі керек – А.Мұхтарханов

Шығыс Қазақстан облысында өңірлік коалицияның отырысы өтті. Мемлекеттік тілдің латын қарпіне көшуі талқыланды.
Шығыс Қазақстан 25 Қыркүйек, 14:31

Өңір әкімдігінде хабарлағандай, шараға қатысушылар  аталмыш өзгеріс  қоғамды рухани жаңғыртудың негізі екенін айтып өтті.

Кездесуде ШҚО бойынша «Нұр Отан» партиясы төрағасының   бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтарханов  аталмыш жаңашылдықтарды енгізу бойынша  латынға көшу  бірліктің нығаюын күшейте түсетіндігін айтты.

«Жаңа қазақ әліпбиі  барлық қазақстандықты біріктіріп,  бірлік пен бейбітшілікті, қоғамдық келісімді арттыра  түсуі керек», - деді ол.

Дүниежүзілік банктің  мәліметінше,  30 үздік елдің  22-сі латын тілін қолданады. Қазіргі заманда  инновациялар мен  ғылыми жаңалықтар, білім беру әдебиеті  латын қарпінде жарияланады.

Өңірлік коалиция мүшелерінің пікірінше, жаңа әліпби  ағылшын тілін бұқаралық түрде үйренуге  қолайлы жағдай туғызады.

Шара қорытындысында партия өкілдері  өңір тұрғындарын  Президент бастамасын  қолдауға шақырды.





Яндекс.Метрика