Экономика

Ақтөбе облысында минералды су қайта шығарылатын болады

Қазақстанға «Шалқар суы» атымен танылған минералды су қайта шығарылатын болады.Бұл туралы Шалқар ауданының әкімі Бауыржан Қаниев «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Ақтөбе 25 Қыркүйек, 11:29

Өңір әкімдігінің хабарлауынша,  1998 жылдан  бері өндірісі тоқтап тұрған цех қайта іске қосылып, жанынан жаңа цех салынады деп жоспарлануда.

 Айта кетейік, Шалқар суы шипалық қасиеті жағынан Арменияның Арзни курортының суына ұқсас. Шалқар минералды суы ас қорыту, зат алмасуды қалпына келтіру үшін қолданылады.

 





Яндекс.Метрика