Адами капитал

ШҚО-да діни сауаттылық мәселелері талқыланды

Шығыс Қазақстан облысында діни сауаттылыққа қатысты өзекті мәселелер, діни экстремизмге қарсы күрес пен деструктивті құбылысқа қарсы күрес мәселелері талқыланды. Өңірде ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін жөніндегі комитетінің республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы өз жұмысын тәмамдады.
Шығыс Қазақстан25 Қыркүйек , 10:32

Ведомствода хабарлағандай, кездесу қатысушылары  радикализмге қарсы күрес жүргізуде  мемлекеттік органдардың тиімді өзара байланысы,  діни ұйымдардың кешендік шаралары туралы айтып өтті.

 Қазақстан  Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі  Ғалым Шойкиннің айтуынша, бүгінде  қоғамдағы діни деңгейдің өскені байқалады.

«Бұл  теріс радикалды идеологияның мүмкіндігін арттыра түседі.  Меніңше,  діни білім  сәйкес тәрбие мен  саяси сауаттылықпен сүйемелденуі керек.  Елбасы өзінің Жолдауында көрсеткендей,  қоғамда  кез келген радикализмге нөлдік шыдамдылықты  қалыптастыру керек», - деді сарапшы.

Семинар қатысушылары  2017-2020 жылдарға арналған  дін саласының мемлекеттік саяси тұжырымдамасына  ерекше назар аударды.

Мамандардың айтуынша, құжатта  мемлекет пен дін  қарым-қатынасына көзқарас пен  мемлекеттің  қоғам өміріндегі діннің қатысуына деген  көзқарасы көрсетілген. Тұжырымдаманың негізгі нормалары  ҚР Президенті Жолдауының басым мәселелерінің қатарында  бар.

Сонымен қатар,  жұмыс тобының мүшелері  дәстүрлі емес дін ағымдарын ұстанатындармен жеке түсіндіру жұмыстарын  жүргізу  қажет екендігін жеткізді. Аталмыш  әдіс  республиканың бірқатар өңірінде өзінің тиімділігін байқатты.

Жұмыс тобының  делегация құрамына  ҚР Президенті Әкімшілігінің  өкілдері, Дін істері жөніндегі  халықаралық мәдениет және дін орталығы жұмысшылары мен сарапшы теологтар, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

 




Яндекс.Метрика