АШК – Қазақстан экономикасының драйвері

АШМ-де ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде

Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовтың қатысуымен жиналыс өтті.
Нұр-Сұлтан 25 Қыркүйек, 09:32

Жиынға барлық ғылыми зерттеу институттарының өкілдері, ғалымдар, республикалық аграрлық оқу орындарының басшылары, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері, бизнес қауымдастық өкілдері қатысты.

Алғаш рет диалогтық форматта өткен кеңесте аграрлық ғылымның ауыл шаруашлығы өндірісімен сәйкессіздігі, трендтерден кеш қалып келе жатқандығы ашық және өткір айтылды. Сонымен бірге, аграрлық ғылымның жағдайын түбегейлі жақсартудың жолдары талқыланды.

Қазіргі таңда аграрлық ғылымның әлеуеті төмен, ауыл шаруашылығы саласы бойынша озық технологиялар мен инновациялардың үлесі аз екенін айта кеткен жөн.

Мамандардың жасының ұлғайуы, ғалымдардың басқа салаға ауысуы, жастардың ғылымға қызықпауынан ауыл шаруашылығы ғылымының деңгейі төмендеп отыр.

Жиналыс барысында Ведомства басшысы ғылыми-зерттеу институттары мен тәжірибелі шаруашылықтардың үлесінде 159 мың га. жер бар екенін, сол жерлерді тиімді пайдаланса, мемлекеттік бюджетті есептемегенде қосымша 10 млрд. теңге көлемінде табыс табуға болатынын айтып өтті.

Сонымен қатар, аграрлық сектордың дамуының бір көрсеткіші – жоғары білімді кадр даярлау.

Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлағандай, қазіргі таңда ауылда маман тапшы. Жоғары оқу орнын мемлекеттік грантпен бітірген түлектердің 50% ғана ауылды жерлерде жұмыс жасайды

Еңбек нарығының бір талабы – өндіріске инновациялық технологияларды енгізетін, ойы жүйрік заман талабына сай бірнеше тіл білетін мамандар.

Тәуелсіздік алған 25 жылда ауыл шаруашылығы саласы бойынша «Болашақ» бағдарламасы арқылы тек 70 жас маман білім алып, өздерінің біліктіліктерін арттырған.

ҚР Премьер министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов: «Не үшін жұмыс істеу керек екенімізді ойланатын нақты мақсат бар.

Қаржыландырудың басқа көздері арқылы жаңа өндіру механизмдерін жетілдіру. Үшіншіден, зерттеу институттарын жаңалау. Төртіншіден өндірісте сұранысқа ие ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға нақты бағалау жүйесін енгізу.

Жиын қорытындысында Жол картасын іске асыру бағытында кадр саясаты жүйесін жетілдіру мен «Болашақ» бағдарламасы бойынша мамандар дайындауды және әлемнің жетекші университеттерінен ғалымдардың тәжірибеден өту жүйесін жетілдіру туралы тапсырма берілді.

Сонымен бірге Премьер-Министр А.Мырзахметов Қазақ Ұлттық аграрлық университеті базасындағы Агротехнологиялық хаб жұмысымен танысты. Агрохаб агроғылым, білім және өндірістің өзара әрекет алаңы ретінде 2016 жылы құрылған болатын.

 





Яндекс.Метрика