Өңірлер

Қарағанды облысында 91 км автожол күрделі жөндеуден өтті

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Қарағанды-Теміртау автомобиль жолының қайта жаңарту барысын тексерді, деп хабарлады «Қазавтожол»АҚ баспасөз қызметі.
Қарағанды 25 Қыркүйек, 09:13

Қарағанды облысындағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 2784 шақырымды құрайды.

2010 жылдан бастап 2017 жылдар аралығында облыста 74 шақырымы қайта жаңартылды, күрделі жөндеуден 91 шақырым автомобиль жолы өтті және 968 шақырым автомобиль жолдарына орташа жөндеу жүргізілді.

2017 жылда қайта жаңарту бойынша жұмыстар 2 учаскеде жүруде: ұзындығы 34 шақырымды құрайтын Батпақ-Баймырза учаскесі бойынша қазіргі уақытта жұмыстар аяқталған; ұзындығы 14 шақырымды құрайтын Теміртау-Қарағанды учаскесінде жол жабындысының құрылысы бойынша жұмыстар жүруде. Пайдалануға беру 2018 жылға жоспарланған.

2018 жылы «Орталық-Оңтүстік» дәлізін қайта жаңарту шеңберінде республикалық қаражат есебінен ұзындығы 47 шақырым (Солтүстік-15 шақырым, Шығыс- 32 шақырым) Қарағанды қаласының айналма жолының құрылысы бойынша жұмыстар жалғасады.

Ұзындығы 562 шақырымдағы «Қарағанды-Балқаш-Жамбыл облысының шекарасы» учаскесін халықаралық қаржы институттарының қаражаты есебінен жүзеге асыру жоспарлануда. Бүгінгі күні жобалық-сметалық құжаттар дайындалған. 

Жиналысты қорытындылай келе, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин «Қарағанды облысының автомобиль жолдары Орталық Қазақстанның транспортты-логистикалық жүйесінің маңызды бөлімі болып табылатынын атап өтті.

«Астана-Теміртау және Теміртау-Қарағанды автомобиль жолдарын қайта жаңарту одан әрі Қарағанды қаласының айналма жолының құрылысы барлық өңірдің транспорттық инфрақұрылымын жетілдіруге мүкіндік береді. Қазірде жолшылардың басты тапсырмасы-халыққа ыңғайлы болу үшін қайта жаңартуды дер кезінде және сапалы берумен қамтамасыз ету»,-деп түйіндеді А.Мамин. 





Яндекс.Метрика