Халықаралық интеграция

Сианда Қазақстанды зерттеу орталығы ашылды

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын іске асыру және қазақ тілін насихаттау аясында Қытайдағы Қазақстан Елшілігінің бастамасымен Сиань университетінде қазақстанды зерттеу орталығының ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады ҚР СІМ.
Нұр-Сұлтан 25 Қыркүйек, 08:47

Салтанатты шараға Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев, университет ректоры  Ван Цзюньчжэ, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы Конфуций институтының директоры Б. Абзалов, Шэньси провинциясы сыртқы істер және білім беру басқармасының басшылығы қатысты.

Өз сөзінде қазақстандық дипломат кезекті орталықтың ашылуы қытайлық бұқараның қfзақ тіліне, мәдениетіне, тарихына және «қазақстандық даму жолына» қызығушылық танытып отырғанын білдіреді, деп атап өтті.

Сонымен қатар, елші жиналғандарды елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси, экономикалық және рухани реформалармен таныстырды.

Орталықтың қазақ тілін үйрену бойынша алғашқы тобына жиырма адам жиналған.

Айта кетерлік жайт, бұл орталық осымен Қытай Халық Республикасындағы (Сиан, Шанхай, Пекин және Далянь университеттері) оқу орандарында ашылған төртіншісі болып табылады. 





Яндекс.Метрика