Орталық Азия елдерінің ынтымақтастығы

Қазақстан мигранттар келуші мемлекет ретінде қалыптасуда - Қ.Майгельдинов

Халықаралық көші-қон ұйымының болжамы бойынша Қазақстан мигранттар келуші мемлекет ретінде қалыптасуда, деп мәлімдеді ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасының аға ғылыми қызметкері Қазыбек Майгельдинов «Стратегия» пікірталас клубының «Орталық Азия елдерінің ынтымақтастығы» тақырыбындағы кезекті отырысында.
Нұр-Сұлтан22 Қыркүйек , 18:25

«Халықаралық көші-қон ұйымының болжамы бойынша Қазақстан мигранттар келуші елдер ретінде қалыптасып жатыр. Бүгінде Өзбекстанна Қзаақстанға бір миллионнан астам мигрант келеді. Алдағы уақытта Раесейде жағдай тұрақтамаса, олар мигранттар бойынша заңды күшейтуді тоқтатпаса бұл мигранттар Қазақстанға ағылады. Оған Тәжікстаннан Ресейге баратын мигранттарды қосыңыздар. Сондықтанда алдын алу шараларын бүгіннен бастау керек», - деді  Қазыбек Майгельдинов.   

Спикердің пайымынша, жұмыссыздық радикалды топтарға кіріп кетуге түрткі болуы бек мүмкін.  

«Жұмыссыз жүрген адам түрлі діни ағымдарға, радикалды топтарға кіріп кетуі әбден мүмкін. Бұл өте үлкен қауіп. Сондықтанда еңбек мигранттары мәселесін саяси тұрғыда шешу керек. Ынтымақтастықты тек экономикалық тұрғыда ғана емес, саяси байланысты да нығайту керек», - деп түйіндеді сарапшы.  

Естеріңізге сала кетейік, сарапшы, экономика ғылымдарының кандидаты Сапар Жұбаев  «Стратегия» пікірталас клубының «Орталық Азия елдерінің ынтымақтастығы» тақырыбындағы кезекті отырысында Өзбекстан мен Қырғызстанның арасындағы мәселе жайлап шешімін тауып жатқанын хабарлады.

Атап өтер болсақ, бағдарламаның онлайн көрсетілімі «Strategy2050.kz» АА сайтында, агенттіктің Youtube-каналында және Facebook парақшасында жүргізілді. 

Мөлдір Асқарқызы




Яндекс.Метрика