Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Франция бірлескен зауытты іске қосты

Сен-Жорж де Мон қаласында «Экотитаниум» Қазақстан-француз бірлескен кәсіпорынның Еуропадағы алғашқы титан қалдықтарын қайта өңдеу зауытының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Әлемде 22 Қыркүйек, 19:54

ҚР СІМ хабарлағандай, инвестицияның жалпы көлемі 48 млн. еуро құрады. Жұмыс орындарының саны – 60.

Ашылу рәсіміне өнеркәсіпке жауапты Францияның Экономика және қаржы министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Бенжамен Гриво, «ADEME», «Airbus», «Safran», «Eramet» компанияларының, «Credit Agricol» және Еуропалық инвестиция банкілерінің басшылары, Қазақстанның Франциядағы елшілігінің өкілдері, сондай-ақ ӨТМК АҚ-ның директорлар кеңесінің төрағасы Сильван Гелер және компанияның Президенті Әсем Мамұтова қатысты.

Өз кезегінде, Франция Республикасы Экономика және қаржы министрлігінің мемлекеттік хатшысы аэроғарыш саласының жоғары технологиялық өнімдерін өндіру үшін стратегиялық шикізаттың импорттық жеткізілімдерден тәуелсіздікті қамтамасыз ететін жаңа зауыттың Франция және бүкіл Еуропа үшін стратегиялық маңыздылығын атап өтті.

Бұдан басқа, «Eramet» компаниясының Президенті Кристель Борие аэроғарыш саласы үшін өнімдерді жеткізу бойынша «Airbus» және «Safran» компанияларымен стратегиялық серіктестіктің жалғасуына қолдау білдірді, сондай-ақ жаңа кәсіпорынды шикізатпен қамтамасыз етуде қазақстандық әріптестің маңызды рөлін атап өтті.





Яндекс.Метрика