Мәдениетті жаңғырту

Діни ағымдардың жақтаушыларымен тұрақты түсіндіру жұмыстарын жалғастыру керек – ДІАҚМ

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті жанынан құрылған Дін істері жөніндегі республикалық ақпараттық-насихаттау тобының Шығыс Қазақстан облысына жасаған сарапында діни сауаттылықты арттыру, деструктивті діни қағидаларға, экстремизмге қарсы күрес шаралары кеңінен талқыланды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан22 Қыркүйек , 16:56

Атап өтер болсқа, делегация құрамында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, Дін істері комитетінің мәдениет және дін Халықаралық орталығы, Ғылыми-зерттеу және талдау орталығының мүшелері, сарапшы-теолог мамандар, қоғамдық ұйымдардың мүшелері бар.

Жиынға қатысушылар радикализмге қарсы күрес жүргізу шараларын, мемлекеттік органдардың өзара тиімді қарым-қатынас орнатуын, қоғамдық ұйымдар мен діни бірлестіктердің жай-күйін талқыға салды.

Басқосуда сөз алған ҚР Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Ғалым Шойкин елдегі діни аудиторияға сыртқы жағымсыз күштердің ықпалы артқандығын атап өтті.

«Бүгінгі таңда өздерін атеист немесе агностик деп санайтындар 10%-ды құрап отыр. Ал шамамен 75% халық өздерін дінге сенетіндерін бірақ, жамағатпен жүйелі түрде діни рәсімдерді жасамайтындықтарын айтқан. Дінге сеніп, барлық діни рәсімдерді үнемі орындайтындар 16% -ды құрап отыр. Елдегі діншілдік деңгейінің өсуі, радикалды идеологияның кеңінен қанат жаюына мүмкіндік береді», - деді  Ғалым Шойкин.

Бұдан басқа, ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері дәстүрлі емес діни ағымдардың жақтаушыларымен тұрақты түсіндіру жұмыстарын жалғастыру керектігін атап өтті. Мұндай жұмыстар өз кезегінде Республика аумағы бойынша өз тиімділігін көрсетіп отыр.

Мемлекет азаматтардың құқықтық ар-ождан бостандығын қамтамасыз етіп, елімізде тіркелген діни бірлестіктердің алаңсыз жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай жасап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, осы ретте, Елбасының жарлығымен әзірленіп, бекітілген, аса маңызды стратегиялық құжат саналатын Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020 жылдарға арналған Тұжырымдамасы жасалды. Бұл құжат – мемлекет пен дін арасындағы жүйені қалыптастырып, қарым-қатынастар мен көзқарастарды айқындайды. 




Яндекс.Метрика