Экономика

АХҚО биржасы жасыл қаржы құралдарын шығаратын негізгі платформа болады

ЭКСПО – 2017 көрмесінің бірегей инфрақұрылымын пайдаланатын «Астана» халықаралық қаржы орталығында еліміздегі экологиялық жобаларды жүзеге асыруға және дамытуға үлкен көңіл бөлінеді.
Нұр-Сұлтан22 Қыркүйек , 15:56

АХҚО баспасөз қызметінен хабарлағандай, орталықтың аталмыш бағыттағы қызметі жасыл өнімдерді дамыту үшін жағдай жасауға және қаржыландыру қызметін құруға арналады.  

АХҚО жасыл бағдарламаларды қаржыландыруға ашық, атап айтқанда жасыл облигацияны шығаруға. АХҚО биржасы жасыл қаржы құралдарын шығаруға арналған негізгі алаң болады. Жасыл қаржыландыруды дамыту еліміздің экологиялық жобаларға капитал тартуға мүмкіндік береді.

АХҚО атап өткендей, ЕДҚҚБ әлем бойынша жасыл жобаларды және технологияларды жүзеге асыратын ірі қатысушы ретінде Қазақстанға аталмыш бағытта жобаларды жүзеге асыруға көмектеседі. 




Яндекс.Метрика