Парламент

Мәжілістің пленарлы отырысының күнтәртібі нақтыланды

Мәжіліс Бюросының отырысында алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Нұр-Сұлтан 22 Қыркүйек, 19:12

ҚР Мәжілісінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, депутаттар алдағы сәрсенбіде «Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылайды деп күтілуде.

Осы қатарда Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы ұстап беру және сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобалары қарастыруға ұсынылады.
 





Яндекс.Метрика