Өңірлер

БҚО-да суармалы жер көлемі екі есе артты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың игерілмеген жерді мемлекет меншігіне қайтару туралы тапсырмасына сәйкес, Батыс Қазақстан облысында 931 мың га жер қайтарылып алынды. Өтукне жылмен салыстырғанда суармалы жер көлемі екі есе арты, деп хабарлады аймақ басшысы Алтай Көлгінов пайдаланылмайтын жер телімдеріне арналған жиында.
Батыс Қазақстан 22 Қыркүйек, 14:57

«Елбасы тапсырмасына сәйкес, ирригациялық құрылымдарды қайта жаңартып өңірде мал шаруашылығының қуатын арттыру мақсатында жұмыстар атқарылуда. Суармалы жерлердің көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда екі есеге өсті. Мұның бәрі игерілмеген жерлерді кәдеге жарату үшін жасалып жатыр. Демек, бұрын игерілмеген жерлер нақты қолынан іс келетін азаматтарға конкурстық негізде ашық, жариялы түрде берілуі тиіс. Инвесторлар үшін кәсіпкерлік басқармасымен бірігіп атқаратын істер баршылық», - деді облыс әкімі.

БҚО әкімдігінен хабарлағандай, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың игерілмеген жерді мемлекет меншігіне қайтару туралы тапсырмасына сәйкес, Батыс Қазақстан облысында 931 мың га жер қайтарылып алынған.

Облыс әкімі А.Көлгінов жер қатынастары басқармасымен бірге игерілмеген жерлерді қайтару жұмыстарын күшейту керектігін айтып, аталған басқармалардан ай сайын есеп алатынын атап өтті.





Яндекс.Метрика