Рухани жаңғыру

Латын әліпбиіне көшу қазақ мәдениетінің қайнар көзін сақтап қалады - Е.Саиров (ВИДЕО)

Латын әліпбиіне көшу қазақ мәдениетінің қайнар көзін сақтап қалады, деп хабарлады саясаттанушы Ерлан Саиров баспасөз конференциясында.
Нұр-Сұлтан 22 Қыркүйек, 13:32

«Екі үш жыл бойы тексерістен өткіземіз және осы уақыт аралығында нақты нәтижеге қол жеткізетін боламыз. Әлем тоқтаусыз дамуда, әлемдік мәдениет бірігіп үндесуде және де біз осы үрдістен қалыс қалмауымыз керек.  Себебі біз даму мүмкіндігінен қалып қаламыз», - деді спикер.

Ол атап өткендей, латын әліпбиіне көшудің басты тұжырымдамасы бірегейлігімізді сақтап қалу болып табылады.

«Бұл ретте өзге мәселе бар, өз бастауымызды, өз салт-дәстүрімізді сақтау болып табылады. Латын әліпбиіне көшудің басты тұжырымдамасы бірегейлігімізді сақтап қалу болып табылады», - деп атап өтті саясаттанушы.

Ол толықтырып кеткендей, Қазақстан латын әліпбиіне көшеді, алайда ең қолайлы нұсқа іріктелініп алынады. Осылайша қазақ мәдениетінің қайнар көзі сақталып қалады.

Гүлтай Хасенова

Видео Арман Мухатов





Яндекс.Метрика