Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Елордада кезекті бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді

Астананың «Жастар» сарайында кезекті бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтуде, деп хабарлады елорда әкімдігі.
Нұр-Сұлтан 22 Қыркүйек, 12:56

Қаланың жұмыс берушілерінен елордалық жұмыс іздеушілерге әртүрлі салада 50-ге жуық мамандықтар ұсынылады. Оның ішінде QAZAQBANKI, Казкомерц банк, Тұрғын үй құрылыс банкі, Ішкі істер департаменті, Ұлттық ғылыми медициналық орталық, Ұлттық музей, Ақмола вагон жөндеу зауыты, «GLB» ЖШС және тағы да басқалар бар.

Бұдан басқа, 500-ге жуық әртүрлі мамандықтар ұсынылады. Атап айтар болсақ: несие кеңесшісі, менеджер, қаржыгер, кассир, ішкі істер органының қызметкерлері, арнайы маман дәрігерлер, электрдәнекерлеуші, жонушы, кран машинисті, өнер мамандары мен мәдениет және басқалар.





Яндекс.Метрика