Рухани жаңғыру

Маған туған тілімді жаңадан үйренетінім ұнайды – Д.Сатжан (ВИДЕО)

Маған туған тілімді жаңадан үйренетінім ұнайды, деп хабарлады журналисті және тележүргізуші Динара Сатжан баспасөз конференциясында.
Нұр-Сұлтан 22 Қыркүйек, 11:13

Спикерлер латын әліпбиіне көшкеннен кейін қол жеткізетін артықшылықтарды  атап көрсетті және қазақстандық жұртшылықты толғандыратын сұрақтарға жауап берді.

«Менің ойымша манифестке немқұрайлы қарай алмайтын, көзі ашақ жандар қолдау көрсетті. Әрине, көптеген пікір айтуға болады, қарсы немесе қолдау көрсетуге болады. Алайда, өзінің елі үшін еңбек ететін адамдардың пікірі маңызды.  Сондықтан болар, манифестті ел болашағына немқұрайлы қарай алмайтын азаматтар қолдады», - деді Динара Сатжан.

Динара Сатжан өзінің жеке тәжірибесімен бөлісіп, не себепті латын әліпбиіне көшуді қолдайтынын түсіндірді.

«Менің оймыша біз одан тек ұтамыз. Менің ұлым 12 жаста, және ол қазақ және орыс тілінде латынша жазады. Олар XXI ғасыр балалары. Мысалы, біз «Қазақстан» телеарнасы латын әліпбиіне бірінші болып көштік. Бүгінде біз «Qazaqstan» қаналымыз.  Маған туған тілімді жаңадан үйренетінім ұнайды», - деп бөлісті тележүргізуші.

Гүлтай Хасенова

Видео Арман Мұхатов





Яндекс.Метрика