АШК – Қазақстан экономикасының драйвері

Алматы облысының қызылшашылары тәтті түбірдің алғашқы өнімімен қуантты

Көксу қант зауытына автокеруенмен алғашқы тәтті түбір «Есен-Аман» шаруа қожалығынан әкелінген. Қожалық биылғы жылы қызылша өсірумен алғаш рет айналысып, 20 гектар жерге дақыл сепкен. Мамандар қапшағайлық тәтті түбірдің қанттылығын жоғары – 19 % деп бағалап отыр. Жалпы, қайта өңдеуге барлығы 50 тоннадан астам қант қызылшасы әкілінген.
Алматы 22 Қыркүйек, 10:58

Алматы облысы әкімдігінен хабарлағандай, қапшағайлық қызылшашылар биыл мол өнім жинауды межелеп отыр. Биыл Қапшағай қаласында 570 гектарға қант қызылшасы себілген. Гектарына 350-400 центнерден өнім жинау жоспарланғанымен, бүгінгі күні шаурашылықтар гектарына 600 центнерге дейін өнім алуда.  Көксу қант зауытына өңдеуге «Есен-Аман» шаруа қожалығы жалпы көлемі 20 мың тонна болатын тәтті түбір өткізуді көздеп отыр.

Қапшағайлықтардың қант қызылшасын өткізу эстафетасын енді Ескелді мен Көксу ауданы жалғастырады.  

Атап өтер болсақ, өткен жылы Алматы облысының қызылшашылары 6,4 мың гектарға тәтті түбір өсірсе, биылғы жылы бұл дақыл алқабының көлемі 9 мың гектарға жетіп отыр. Ақсу қант зауытын қайта қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, кәсіпорын жуық арада шикізат қабылдауды бастайды.

Сонымен қатар, өңір қызылшашыларына тұқым, тыңайтқыштар, жанар-жағар май, жаңа техника алуға, өнім жинауға көрсетілетін жәрдем жалғасуда.  





Яндекс.Метрика