ҚР Президентінің Жолдауы

Астанада діни экстремизм мен терроризмді алдын алу мəселелері талқыланды

Астаналық Қазақстан халқы Ассамблеясы Астана қаласының Діни істер басқармасымен, Дінді зерттеу орталықтары Ассоциациясының «жедел желі – 114» сарапшыларымен және мемлекеттік орган өкілдерімен бірлесіп Астана қаласының этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен кездесу өткізілді.
Нұр-Сұлтан 22 Қыркүйек, 09:58

Елорда әкімдігінен хабарлағандай, аталмыш іс-шараны өткізу мақсаты халыққа бүлдіргіш діни ағымдар туралы ақпаратты ұсыну және барлық оның құбылыстарында діни экстремизмге қарсы тұру қажеттілігі туралы қоғамдық пікірді қалыптастыру болып табылады.

Кездесу діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау форматында өтті.

Бүлдіргіш діни қызметке қарсы тұру әдістері туралы «жедел желі – 114» сарапшысы (ислам дінін зерттеуші), Астана қаласының өзбек этносаяси орталығының төрағасы, халықаралық медиатор Ш. А. Пулатов сөз сөйледі.

«Егер сіздің айналаңызда қандайда бір ақпаратты алуға тырысатын немесе қандай да бір семинарға қатысуға шақыратын адам айналып жүрсе, сіздің екі жолыңыз бар. Бірінші жол: бұрылып, тез кетіп қалу. Ал екінші жол: жылы шыраймен оған бірнеше арнайы сұрақтар қойыңыз, айқын және нақты жауапты талап етіңіз. Осы жауаптар бойынша сіз дінге жинаушыға кезіккеніңізді түсіне аласыз», - деп Ш.А.Пулатов өз сөзінде атап өтті.

Астана қаласының ҚҚКД Терроримзге қарсы орталығының өкілі діни мәселелерге ағарту барлық қазақстандықтарға қажет екенін атап өткен  түсіндіру кеңесін өткізді. Астана қаласының ҚҚКД Терроризмге қарсы орталығының басты мақсаттарының бірі қоғамда террористік сипат қаупіне дайындықты қалыптастыру болып табылады. Сондай-ақ іс-шара барысында қатысушыларға қоғамда діни танымды және түбегейлі идеологияға иммунитетті қалыптастыруға бағытталған видеоролик көрсетілді.

Астана қаласының этносаяси бірлестіктерінің өкілдерімен кездесуде діни сипатта ең көп талқыланатын тақырыптар көтерілді, сұхбат сұрақ-жауап форматында өтті.





Яндекс.Метрика